Qoǵam
Қоғамдық қабылдауда алты сұрақ көтерілді
Өткен сейсенбіде “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бірыңғай қоғамдық қабылдау өткізді.
Оған аудан әкімідігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығының, аудандық мәслихат депутаттары, білім бөлімі, орталық аурухана және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қабылдауға ІІІ топтың мүмкіндігі шектеулі екі азаматшасы және мүмкіндігі шектеулі баланы асырап отырған ана өз өтініштерімен қайырылды. Келген азаматтар тарапынан алты сұрақ көтеріліп, оның екеуі оң шешімін тапса, төртеуіне заң аясында түсіндірме жұмыстары жасалды. Өтінішпен келген азаматтар партияға өз алғыстарын білдірді.
“Nur Otan” партиясы Жуалы аудандық филиалы
Суретті түсірген Сәбит Күзембаев