El іshі

Жастар кәсіпкерлікке бет бұруда

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.
Әрбір заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол сияқты кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономикада кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар «меншік иесі» деген түсінік алды.
Жастар – бұл ел болашағы және сондықтан да біз әрқашан мемлекеттің ерекше назарында болып келді. Мемлекет тарапынан жастар қауымына қолдау көрсетіліп, кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасауда. Жалпы ауданда «Жастар ресурстық орталығының» мәліметінше, өткен жылы аудандық кірістер басқармасына 441 жас өз кәсіптерін ашып, тіркелген. Биылғы жылы 48 жасқа шағын кәсіпкерлікті дамытуға несие және 196 жасқа қайтарымсыз 556 мың теңгеден грант берілген екен. Қазіргі таңда ауданға 108 млн 976 мың теңге инвестиция тартылған. Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлікке баулу мақсатында «Бастау» курсынан 165 жас өтіп, білімдерін шыңдап, сертификаттарға ие болған.
Ал, Қызыларық ауылдық округінің жеті жас азаматы «Бизнес-Бастау» бағдарламасының оқу курсына қатысып, 555 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Ауыл жастарының көбісі атакәсіпті қолға алып, ауыл шаруашылығын дамытуда. Олардың кәсібінің басты бағыты – көбінесе заанен ешкісін, уақ және ірі қара малын өсіру. Сонымен қатар, қазіргі таңда ауылдық округтегі қайтарымсыз грант алуға ниетті жастармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Ел ертеңіне сенім артқан ел ағалары жастарға сенім мен үлкен үміт артады. Жастар қай сала да болсын өз қабілеттерін көрсете алуы тиіс. Олар ел экономикасының дамуына да өзіндік үлестерін қосып, жауапкершілікті де сезіне алуы тиіс. Елімізде дәл осы кәсіпкерлік саласы аса көңіл бөлінгендіктен жастар да қолға алған ісін алға бастырып, жетістікке жете алуы керек. Өйткені, сенім үдесінен шығу бізге артылған жүк. Осы ретте, Қызыларық ауылдық округінің жас кәсіпкерлері қаражатын тиімді пайдаланып, бастаған ісінің үдесінен шығатынына сенім білдіремін.

Қуаныш Зиятхан,
Қызыларық ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close