El іshі

Ауылдан жеткен ақпарат

Бауыржан Момышұлы
Ауыл өміріне біршама өзгерістер енгізілуде. Мәселен, Ғ.Мұратбаев көшесі тұрғындарының атынан көше жарығын орнату туралы өтініштердің көп түсуіне байланысты аталған көшеге толығымен қазіргі заманауи негізде жасалған жарық шамдар орнатылды. Бұл шамдар күні бойына тек күн сәулесінен қуат алып, күн батқан уақыттан күн шыққанға дейін қосулы тұрады.
Алдағы уақытта барлық көшелер заманауи негізде жасалған осындай шамдармен жарықтандырылады деп жоспарлануда.
Ақтөбе
Бәйтерек ауылында заманауи талаптарға сәйкес 25 орындық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда амбулатория салынатын жер таңдалып, мемлекеттік жер актісі дайындалды, топографиялық, географиялық орналасу сызбалары жасалды. Ауылдық округ әкімі мен мемлекеттік сәулет-құрылыс органдарымен, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен орналасу сызбасы, оның ауылдың архитектуралық ансамблімен үйлесімді орналасуы үшін келісілді.
Боралдай
Ертай ауылындағы Л.Көпбаев, Ертай, Тиесарық, Ж.Қонашев көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Бұған дейін Е.Оразалиев көшесі жарықтандырылған болатын. Сонымен Ертай ауылындағы көшелердің жарықтандыру жұмысы толығымен орындалды.

Баян ТҰРСЫНҚҰЛҚЫЗЫ,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close