El іshі

Дін және мәдениет

Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Діннің халық өміріндегі алатын орнының маңызы соншалықты, діннің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау – оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі – оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады. Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.с.с. діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық.
Дін адам жанынан туындайтын дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын болғандықтан өз ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеуші нормативті құрылым болып табылады. Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады. Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысында қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды.
Алмаз РАХМАШОВ,
Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close