El іshі
Бала –көңілдің гүлі, көздің нұры
Кәріқорған ауылындағы «Жетітөбе» бөбекжай-балабақшасында» 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік өткізілді. Балабақша меңгерушісі Айгерім Күзембаева мерекелік ертеңгілігімізді ашып, балаларымызға жылы лебізін білдірді.
Іс-шарада балалар ән айтып, би билеп, тақпақтарды жатқа айтып шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастырды. Балабақшамызда 2 жас пен 5 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.
Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балаларды құттықтаймыз! Ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз!.
Ақбөпе ӘЛІМБЕТОВА,
«Жетітөбе» бөбекжай-балабақшасының әдіскері, педагог-психологі