El іshі

Ер есімі – ел есінде!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 79 жыл толуына орай Билікөл ауылдық округінің орталығы Қарабастау ауылында Ұлы Жеңіс күніне арнап салынған «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі және «Біз – Жеңістің ұрпақтарымыз!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақты Ұлы Отан соғысының зардаптарын жойып, майданда ерен ерлік көрсеткен батырлардың және қайтыс болған, сонымен бірге қазір арамызда тірі жүрген тыл және еңбек ардагерлерінің қадір-қасиетін ардақтап, мақтан тұту және олардың еңбегін бағалай білуге шақыру.
Ұлы Жеңіске арналған мерекелік іс-шараға Қарабастау ауылының түлегі, әділет генералы Ғабит Миразов, Ауған соғысына және Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ардагер, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерғали Тілеубеков, ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Еңсебек Абсалямов, ауыл ақсақалы А.Ділдаханов және Ауған соғысының ардагері М.Исаев, т.б. қонақтар қатысты.
Ескерткішке гүл шоқтары қойылғаннан кейін ауылдық мәдениет үйінің және ауыл өнерпаздары Жеңіс жырларын шырқап, өнер көрсетсе, ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ақтоты» домбыра және «Гүлдер» би үйірмелерінің мүшелері және «Билікөл» бөбекжай-балабақшасының өнерлі қызметкерлері концерттік бағдарламасын көпшілікке ұсынды. Шара соңында ақ дастарқан жайылып, әруақтарға арнап Құран бағышталды.
Қарабастау ауылдық мәдениет үйі

Таңдаулы материалдар

Close