El іshі

Бүгін соңғы қоңырау…

Бүгін соңғы қоңырау – шаттанатын күн бүгін,
Шын сезімін көңілдің ақтаратын күн бүгін.
Марапатқа масайрап, мақтанатын күн бүгін,
Шәкіртіңмен зерделі бақ табатын күн бүгін!

Бүгін соңғы қоңырау – шаттанатын күн бүгін,
Үлкен өмір жолына аттанатын күн бүгін.
Болашаққа қомдайтын ақ қанатын күн бүгін,
Өмір бойы жадыңда сақталатын күн бүгін!

Бүгін соңғы қоңырау – қауышатын күн бүгін,
Сағынысқан достармен табысатын күн бүгін.
Тебіреніп ойлармен алысатын күн бүгін,
Жырақ кеткен тағдырлар тоғысатын
күн бүгін!

Бүгін соңғы қоңырау – аттанатын күн бүгін,
Алыстағы құрбыңмен бас қосатын күн бүгін.
Алтын ұяң – мектеппен қоштасатын
күн бүгін,
Балалықпен балауса қоштасатын күн бүгін!!!
Бүгін соңғы қоңырау…
Әлия ЖАҚСЫБЕКОВА,
ардагер ұстаз.
Көлтоған ауылы

Таңдаулы материалдар

Close