Basty bet
Еріктілер тобы жолға шықты
Сенбі күні ауданымыздан бір топ еріктілер Арыс қаласындағы орын алған апатты жағдайдың зардаптарын жоюға атсалысу үшін жолға шықты. Топ құрамында «Жуалы су», «Жасыл Жуалы», аудандық электр желілерін тарату мекемесі және білім бөлімі мен мәдениет бөлімінің мамандары бар. Орталық алаңға жиналған еріктілер тобының мүшелері арнайы формамен қамтамасыз етілді.
Аудан әкімінің орынбасары Асхат Базарбайұлы мен аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерболат Оразбақұлы топ мүшелерін жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, сауапты істеріне сәттілік тіледі.
Еріктілер тобы Арыс қаласында Жамбыл облысынан барған бригадамен облысқа бөлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын атқаратын болады.
Ауданнан шыққан топты аудан әкімдігі тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерболат Оразбақұлы мен аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының м.а. Нұрсұлтан Саурбаев бастап кетті.
«Жаңа өмір» – ақпарат