Basty bet

Қымбатты жуалылықтар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен ыстық ықыласпен құттықтаймын!
Бұл – аса терең рухани негіз бен дүниетанымдық тұтастықты сипаттайтын мереке. Бірлік – ұлттың қуаты мен тірегі, оның бекемдігі мен кемелдігінің көрсеткіші. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы – халықтың дәстүрлері мен рухани құндылықтарына аялай қараудың, алға қойған мақсаттарға қол жеткізудегі бірлік пен азаматтық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі.
Қадірлі жерлестер!
Ел бірлігінің жарқын мерекесі саналатын Халықтар бірлігі күні құтты болсын. Отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке, қуаныш пен шаттық тілеймін!
Қазақстанның жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын. Елдіктің туы биікте желбіреп, ел тұтқасын ұстаған атпал азаматтарымыздың абыройы асқақтай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ерғали ТІЛЕУБЕКОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы

Таңдаулы материалдар

Close