Basty bet

Тағы екі жерлесіміз генерал атанды!

Жуалыны «Батырлар мен генералдар елі» деп ауыз толтырып мақтана алатындай күй кешудеміз. Оған себеп, осынау киелі өлкеден шыққан генералдар қатары тағы да екі жерлесімізбен толығып отыр.
Дәл Отан қорғаушы күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Арыстанғани Заппаров пен Қуанышбек Үштаевқа «генерал-майор» шені берілді.
Арыстанғани Расылханұлы ішкі істер органдарындағы қызметін жедел құрам лауазымынан бастап бірнеше өңірдің полиция басқармаларының бастығы қызметтерін абыроймен өткерген. Ол 2019 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы басқару штабының бастығы Қуанышбек Үштаев Ресей Федерациясында генералдар мектебінде оқыған. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жауынгерлік ерлігі» үшін медалымен, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Біз қос жерлесімізді қуанышымен құттықтай отырып, оларға әрі қарай да абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close