El іshі

Санға емес, сапаға мән береді

Сауықтыру орталығында негізгі үш бөлме бар. Орталықтың іші заман талабына сай әрленген. Тұрғындарға Ирина Александровна қызмет көрсетеді. Орталыққа келген әрбір келушімен денсаулығына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, одан кейін барып емдеу процесіне кіріседі. Қызмет көрсететін маманды да арнайы оқу курстарынан өткізіп, біліктілігі арттырылған.
-Орталық 2017 жылы елордада ашылған. Дәрігер Есенбай Акадилов өзі осы саланы зерттеп, халыққа тиімді әрі пайдалы қызмет көрсету үшін орталықты ашқан. Дәрігер жақында ауданға келіп, екі апта өзі 49 адамды емдеді. Ал, жалпы аз ғана уақыт ішінде орталықтан 75 адам ем қабылдады.
Бұл салаға жүрдім-бардым қарауға болмайды. Адамдарға сапалы қызмет көрсетіп, ісіміздің нәтижесін көруіміз керек. Біз нақты нәтижеге жұмыс жасаймыз. Мұндағы қызмет көрсету құны аудан тұрғындарының тұрмыс деңгейіне байланысты қойылды. Орталықта бірнеше қызмет түрі көрсетіледі. Соның бірі – хиджама жасату.
Хиджама жасату кезінде, адам бойындағы қан алмасу жақсарып, қан айналымына қатыспай, ұзақ тұрып қалған қандар сыртқа шығады. Шыққан қанмен бірге ағзамыз микробтардан, бактериялардан, вирустардан да тазаланады. Әсіресе, өте көптеген аурулардың пайда болуына әсері мол Герпес вирусы әсер етеді. Статистика бойынша Герпес вирусы 50 жасқа дейінгі адамдарда 90%-ке дейін кездеседі де, 50-ден кейін 100% адамдарда кездеседі. Бұл – инфаркт, инсульттің де пайда болуына әсер ететін вирус. Хиджамадан соң ағзадағы барлық жасушалар жаңарып, қан тамырлары тазаланады, жаңа капиллярлар пайда болады.
Хиджама зат алмасуды жақсартады. Мысалы, адамда күретамыр (артерия), көктамыр (вена) әрі қылтамыр (капилляр) атты үш түрлі тамыр бар. Күретамыр оттегімен қаныққан қанды, ал көктамыр көмір қышқыл газын тасымалдайды. Жүрек оттегіні ағзаларға жеткізеді. Қылтамыр – ең жіңішке тамыр, ол ағзадағы жасушалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды жүзеге асырады. Адамның жасы ұлғайған сайын көктамырдағы қанның жүруі қиындайды. Күретамырдағы қанда іркіліс пайда болып, қан қоюлана түседі. Сөйтіп, қылтамырлар кеңейе бастайды. Салдарынан организмде зат алмасу процесі баяулап, әртүрлі ауру пайда болады. Хиджама кезінде қозғалыссыз тұрып қалған қан ағзадан шығып, қылтамырдағы қысым төмендеп, қанайналымы жақсарады.
Хижаманың да кез келген адамға жасай бермейді. Хиджама емін белгілі бір білім алмай жасай беруге де болмайды. Маманға тағы бір керек нәрсе, алғашқы медициналық көмекті көрсете білуі. Сондықтан жұмысқа міндетті түрде медициналық білімі бар маман алынады.
Орталықта Ирина Александровна келушілерге сауатты түрде кеңес беріп, стандартқа байланысты қызмет көрсетеді. Хиджама 40-60 минут жасалады. Адамдар 10 күн емделеді. Бұдан бөлек, биоэнергомассаж, вибромассаж, массаж ультрафонофорез қызмет түрлері бар.
Бір бөлмеге массаж жасау үшін орындар жабдықталған. Ал екінші бөлмеде фитобөшке қойылған. Онда келген адамды емдік қасиеті бар шөптермен емдеу жүргізілді. Ол жерден шыққан адам ортаңғы бөлмеде түрлі денсаулыққа пайдалы шәй ішеді. Арнайы маманымыз күнделікті келген адамдарды тіркеп, қандай ем қабылданатын түсіндіреді. Мұнда ең бірінші тазалық сақталады. Міндетті түрде қолданылатын заттар залалсыздандырып, бөлме іші кварцталады.
Аз ғана уақыттың ішінде ұялы телефон байланысы арқылы хабар білген, жақын маңда орналасқан Шымкент, Тараз қалаларының, Түлкібас ауданының тұрғындары келіп, ем қабылдап үлгеруде. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан ауылдардан да науқастар келуде, – дейді жеке кәсіпкер Еркебұлан.

Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close