Qoǵam

Полиция қызметкерлерінің 96 проценті екпе салдырды

Аудандық полиция бөлімінде қызмет ететін 71 қызметкердің 68-і COVID-19-ға қарсы екпе қабылдады.
Жалпы еліміздің барлық аймағында полиция қызметкерлері екпені белсенді түрде салдыруда.
-Полиция бөлімінде 71 кісі қызмет етеді. Оның 68-і екпе қабылдады. Қалған үшеуі аяғы ауыр келіншек, т.б себебі бар жандар. Екпе салдырған 68 кісінің 60 проценті екінші компонентін қабылдады. Қалғаны уақыты келгенде қабылдайды. Қызметкерлерде екпеден кейін қатты ауырсыну, денсаулығына шағымдану болған жоқ.
Ұжым екпені түсіністікпен қабылдады. Себебі, біз халықпен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Сондықтан өзіміз үшін де, отбасымыз, халықтың саулығы үшін де вакцина салдырғанымыз маңызды. Коронавирус індетінен құтылудың төте жолы – вакцина қабылдау.
Қысқасы, полиция қызметкерлері бірауыздан ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Және халықты жұқпалы қауіпті індетке қарсы екпе қабылдауға шақырды,- дейді аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Есім Ордабаев.

“Жаңа өмір” – ақпарат

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close