El іshіQoǵam

Көпбалалы отбасы баспаналы болды

Сейсенбі күні Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны көпбалалы Есмұрзаевтардың отбасы баспаналы болды.
Бұл қайырымды іске белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның бастамасымен құрылған «Айдың нұры» қайырымдылық қоры ұйытқы болды.

Асан Жұпарұлы жолдасы екеуі Мәрия екеуі үш ұл, төрт қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап жүрген отбасы үлкен қуанышқа кенелді.
Үйдің кілтін иесіне арнайы тапсыру рәсіміне қайырымдылық қордың президенті Мөлдір Ақылбекова, аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова және Асан Жұпарұлының әпкесі Қалдыкүл мен нағашысы Алмас қатысты.
Лента қию рәсімін бауырының қуанышына ортақтасып келген Қалдыкүл апай жасап, құтты болсын айтып, тәттіден шашу шашты.
Жиналған көпшілік шаңыраққа кіріп, баспана иелеріне игі тілектерін білдірді.
Аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы Жуалы ауданының әкімі Олжас Қаржауовтың Алғысхатын «Айдың нұры» қорының президенті Мөлдір Әшімханқызына тапсырды. Алғысхатта аудан әкімі қайырымдылық қордың президентіне Жуалы ауданының тұрғыны Асан Жұпарұлының баспаналы болуына көрсеткен көмек, қолдауы үшін алғысын білдіріп, игі тілегін жеткізген.
Баспана – бақыт шамы. Өз үйің болған әрине үлкен бақыт, қуаныш. Баспаналы болған Есмұрзаевтар отбасының үйелмелі-сүйелмелі балаларының жүзінен шынайы қуанышты көріп ерекше сезімге бөленесің.
Отанасы Мәрия Бажавова баспаналы болуларына көмек көрсеткен халыққа, қайырымдылық қордың басшыларына аналық жүректен алғысын білдірді.
Лайым, елімізде қайырымды, үлкен жүректі, жомарт жандар көп болсын!

Таңдаулы материалдар

Close