El іshі
«Комирнати» вакцинасына алаңдауға негіз жоқ
– Соңғы кездері американдық «Pfizer» компаниясының вакцинасы жайлы көп айтылып, көп жазылып жүр. Естуімізше, бұл вакцина балаларға, жүкті әйелдерге де салынады екен. Дегенмен қазір «Pfizeг» («Комирнати») вакцинасына байланысты ел арасында, әлеуметтік желіде түрлі алыпқашпа әңгімелер тарауда. Кейбіреулер оның зияны көп, сондықтан салдырмауға кеңес беріп, дабыл қағып жатыр. Халықтың ойын онға, санасын сан-саққа бөлген ақпараттар қаншалықты рас? Алаңдауға негіз бар ма?
Шынар Аюбаева,
Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны
– Жалпы, американдық «Pfizer» компаниясының «Комирнати» вакцинасына қатысты алаңдауға еш негіз жоқ.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылы 20 қазандағы №46 «Халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы «Комирнати» вакцинасымен («Pizer», AҚШ) вакцинация жүprізу туралы» қаулысымен бекітілген әдістемелік ұсынымға cәйкес Қазақстан Республикасында «Пфайзер» компаниясының «Комирнати» вакцинасымен екпе жүргізу жоспарлануда.
«Комирнати» SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін мPHҚ негізіндегі КВИ вакцинасы (нуклеозидтермен модификацияланған). «Комирнатидың» құрамында иммундық қорғаныс тудыратын вирус жоқ, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.
Аталған вакцинамен КВИ-ға қарсы вакцинациялауға мына тұлғалар жатады: 1) 12 жастағы және одан асқан жасөспірімдер; 2) жүкті әйелдер (жүктіліктің 16-37 аптасы аралығында); 3) емізу кезеңіндегі әйелдер (босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін).
Вакцинация жүргізер алдында коронавирусқа КВИ мен антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді. КВИ-мен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін алты айдан соң вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатады. КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін үш айдан соң вакцинациялауға жол беріледі.
Вакцинация денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы егу пункттерінде және оқу орындарының медициналық кабинеттерінде жүргізіледі. Профилактикалық егуді жүргізер алдында медицина қызметкері егілетін адамды тексереді. Иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған кезде егуді жүргізуге рұқсатты рәсімдейді. Eгілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер, екпеден бас тарту салдарлары туралы толық және объективті ақпаратты ұсынады.
Вакцинация ерікті болып табылады. Профилактикалық егуді жүргiзугe алдын ала ақпараттандырылған келісіммен ғана жүргізіледі.
Марат ИСКАКОВ,
Жуалы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы