El іshі
Қыздарға әсемдік жарасады…
Жақында Жетітөбе ауылдық округі №7 Т.Әкімов атындағы орта мектепте «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің жанынан құрылған «Инабат» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Қыздарға әсемдік жарасады» атты «дөңгелек үстел» өтті.
Шараның мақсаты – қыздардың бойына инабаттылық, имандылық, парасаттылық, биязылық, әсемдік, ұқыптылық секілді құндылықтарды сіңіру. Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді сақтауға, әдет-ғұрыпты құрметтеуге, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Шараға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің Б.Момышұлы және Қарасаз ауылдарының жастар ісі нұсқаушылары Элмира Сүйінбаева мен Аружан Қуанышбай, мектеп медбикесі Айсұлу Ахметова, «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Маржан Қилыбаева және жоғары сынып оқушылары қатысты.
«Дөңгелек үстелде» қыз баласының тәлім-тәрбиесіне тікелей қоғам жауапты екеніндігі, олардың бойына қарапайымдылық, шынайылық, парасаттылық секілді асыл қасиеттерді берік қалыптастыруымыз керектігі жайында кеңінен сөз болды. Шарада қыз баласының тәрбиесі ұлттың тәрбиесі екендігі туралы айтылды.
Аудандық Жастар ресурстық орталығы