Qoǵam

Қылмыспен күрес күшейтіледі

Аудан прокуратурасында мекемеаралық мәжіліс өтіп, онда қылмыспен күрес және оның алдын алу, жол-көлік оқиғасына қатысты құқықбұзушылықтар, сондай-ақ қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Аудан аумағындағы қылмыстылық жағдайы қазіргі уақытта аса алаңдаушылық туындатуда.
Ағымдағы жылдың 5 айында қылмыстың тіркелуі – 43,5% (62-ден 89-ға), оның ішінде қылмыс -37,9% (58-ден 80-ге), қылмыстық теріс қылық -125% (4-тен 9-ға) өскен.
Аса ауыр қылмыс 0-ден 3-ке ұлғайған, орта ауыр қылмыс -53,3% (15-тен 23-ке), онша ауыр емес қылмыстар саны 200% (12-ден 36-ға) өсіп отыр. Тек ауыр қылмыстар ғана – 41,9% (31-ден 18-ге) азайған.
Қылмыстың түрлері бойынша, кісі өлтіру 100% (0-ден 2-ге), есірткімен байланысты құқық бұзушылықтар 200% (2-ден 6-ға), алаяқтық 7,1% (14-тен 15-ке), жеке тұлғаға қатысты қылмыстар 20% (5-тен 6-ға), басқару тәртібіне қарсы құқық бұзушылықтар 440,% (5-тен 27-ге), мал ұрлығы 40% (5-тен 7-ге), зорлау 100% (0-ден 1-ге), адамдар тобымен орын алған құқық бұзушылықтар 200% (2-ден 6-ға дейін) көбейді.
Қуанарлығы, ұрлық – 68,4% (19-дан 6-ға), оның ішінде ұялы телефондар ұрлығы 50% (2-ден 1-ге), бұзақылық 33,3% (3-тен 2-ге), қоғамдық орында орын алғандары 25% (12-ден 9-ға), отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар 100% (1-ден 0-ге дейін) азайған.
Аудан аумағында кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде жыныстық тиіспеушілік қылмыстары, өзіне-өзі қол жұмсауы және олардың қатысуымен жазатайым оқиғалар орын алмаған.
Аудан прокуратурасы жанынан құрылған мобильдік топпен сегіз рейдтік іс-шара өткізіліп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23.00-ден кейін жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, олардың 170 заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2 және 3-бөліктерімен хаттамалар толтырылған.
Ағымдағы жылы аудандық полиция бөлімімен 11 көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтары тіркелген. Жол көлік оқиғалары салдарынан 4 (былтыр 3) адам қайтыс болып, 31 (33) адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.
Жалпы 19 жол көлік оқиғасы тіркеліп былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5 пайызға ұлғайған. Жолда жүру тәртібінің 948 (595) мәрте бұзылуы жайты тіркеліп, былтырмен салыстырғанда 37 пайызға өскен.
Жазалау шаралары да күшейтілген. 21 (12) адам көлік жүргізу құқынан айырылды, яғни былтырмен салыстырғанда құқынан айыру 57 пайызға ұлғайған.
Алайда, қолданылып отырған шаралар жолда жүру тәртібін бұзушылықты азайтпай отыр.
Аудан аумағындағы жол-көлік оқиғалары бойынша басты себептердің бірі, ауа-райының қолайсыздығы, қалың тұман, көктайғақ, одан бөлек, жүргізушілердің үлкен жылдамдықта автокөлік тізгінін басқаруы болып табылады.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аудан аумағында ұлтаралық қатынасты қамтамасыз ету бағытында әкімдікпен 1 дөңгелек үстел, 3 фестиваль, 1 акция, 12 кездесу, 3 байқау, 1 қоғамдық қабылдау, 2 экскурсия, 1 челлендж, 2 көрме, 1 қайырымдылық іс шара, 2 мерекелік кеш ұйымдастырылды. БАҚ-да 15 материал жарық көрді.
Сенімгерлік қатынастар орнату мақсатында этномәдени орталықтарының басшыларын және ауылдардың беделді ақсақалдарының қатысуымен Б.Момышұлы, Шақпақата, Көлбастау ауылдарында аудан прокуратурасының және өзге де мүдделі органдардың қызметкерлерінің қатысуымен мәжілістер өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланып, сенім байланысы орнатылды.
Елді-мекендерде орын алған кез келген жанжал туралы хабарды, тез арада құқық қорғау, өкілетті органдарға хабарлау жолға қойылды және тәулік ішінде тіркелінген оқиғаларға күнделікті мониторинг жасалуда.
Мекемеаралық мәжіліс қорытындысымен, құқықбұзушылықтардың алдын алу, олармен күрес, жол көлік оқиғаларын барынша азайтудың бірлескен шараларын арттыру жөнінде шешім қабылданды.
Жуалы ауданының прокуратурасы

Таңдаулы материалдар

Close