Basty bet

Үйлер мен адамдар саны нақтылануда

Ауданда 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларына белгіленген ұлттық халық санағының бірінші кезеңі өтіп жатыр.

Аудандық статистика басқармасының басшысы Ерлан Тыныбековтың айтуынша, қазіргі кезде халық санағы науқанына тартылған барлығы 12 интервьюер аудандағы барлық елдімекендерді аралап, тұрғын үй иелерінің атын, отбасы мүшелерінің санын нақтылап, арнайы планшетке енгізуде. Жинақталған мәліметтер бірыңғай базаға түсірілуде.
– Біздің интервьюерлер күнделікті орта есеппен 70-80 үй аралауда. Осы күнге дейін аудандағы барлық 14 ауылдық округтен 8 500 тұрғын үй және 40 000-ға жуық адамның саны анықталды. Бірінші кезең барысында тек қана аудан орталығы мен ауылдық округтердегі елді мекендер ғана емес, сонымен бірге шалғайдағы, адам аяғы жетпейтін малшылардың отбасылары да санаққа ілініп жатыр, – дейді басқарма басшысы.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close