Basty bet

Қазақ басылымдарына деген көзқарас – қазақ руханиятына деген көзқарас

Жақында ауданда “Қазақстан дәуірі” халықаралық, қоғамдық-саяси газетінің, республикалық “Мөлдір бұлақ” балалар журналының Бас директоры, “ЕлАна” қоғамдық қорының президенті, “ЕлАна” қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының Бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы болды.

Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі аудан әкімдігінің мәжіліс залында әлеуметтік сала басшыларымен кездесті.

Аудан әкімі Олжас Қаржауов Ел анасы атанған ардагер ұстаз, журналисті таныстыра келіп, сөз кезегін берді.

-Қазір өздеріңіз білесіздер, елімізде жылдың ІІ жартыжылдығына газет-журналдарға жазылу науқаны аяқталып қалды. Өкінішке орай, жылдан-жылға халықтың мерзімді басылымдарға жазылуы төмендеп барады. Бұл әрине, дұрыс емес. Бізді әлем деңгейіндегі өркениет өріне сүйреп шығаратын – рухани құндылықтарымыз. Рухани даму үшін, газет-журнал, кітап оқу өте қажет. Қазақ басылымдарына деген көзқарас – қазақ руханиятына деген көзқарас. Сондықтан бүгін Жамбыл олысына арнайы атбасын бұрып, ел ішін аралап жүрмін. Сіздердің аудан төртінші аудан.

Айналайын менің, жерлестерім!

“Қазақстан дәуірі” басылымы халық сүйіп оқитын басылымдардың бірі. Сондықтан сіздерден басылымға жазылуға шақыра келдім. Қазір алты айға жазылу аяқталып қалды. Енді жерде бес айға жазылуға болады. Сіздерді осыған атсалысуға шақырамын.

Ауданның игілікті істері болса газетке жариялауға біз әрдайым дайынбыз.

“Мөлдір бұлақ” балалар журналына балалардың шығармашылығын жолдап отырсаңыздар да болады,- деді Сәуле Мешітбайқызы.

Кездесу соңынан аудан басшысы Олжас Қаржауов ел анасына алғысын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.

Таңдаулы материалдар

Close