Basty bet

Алғаш рет дауыс беріп, таңдау жасадым!

Президенттің тапсырмасымен елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатқаны белгілі. Осы орайда 25 шілде күні мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым.
Өзім Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылының тұрғынымын. Осы ауылда мектепте оқып бітірдім. Қазір М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университінің педагогика факультетінде оқып жатырмын.
Алғаш рет дауыс бергеніме қуаныштымын. Ауыл әкімі ең біріншіден, халыққа жанашыр, ауылдың жер жағдайын жақсы білетін азамат болғаны дұрыс деп санаймын.
Қазір ауылда интернетті жақсарту, ойын-сауық орталықтарын, спорт кешенін салу мәселелері бар. Таяу жылдары осы мәселелер шешіледі деген үмітіміз бар.
Нұрдәулет МҰСТАХАНОВ,
Алғаш дауыс берген жас сайлаушы
Көлтоған ауылының тұрғыны

Таңдаулы материалдар

Close