Qoǵam

Баланың тууы туралы өтініш беру мерзімдері

Баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс, ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті береді.Үш жұмыс күн мерзім өткеннен кейін баланың тууын мемлекеттік тіркеуі тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде бойынша жүргізіледі.Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын туралы өтінішті оның ата-анасы не басқа да мүдделі адамдар мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
Тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) тууды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды);
4) туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасы ұсынылады.
Порталға жүгінген кезде (тууды тіркеу бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін):
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды).
Бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кейін тіркелген жағдайда қосымша мыналар тапсырылады:
1)ата-ананың түсініктемесі;
2) баланың тұрғылықты орны бойынша және ата-ананың тұрғылықты орны бойынша тіркеу органының туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балаларды қоспағанда) анықтама;
3) баланың тұрғылықты орны бойынша денсаулығы туралы (өтініш берілген уақыттан бастап 7 (жеті) күн кешіктірілмей берілген) анықтама;
4) қызмет алушы өтініш білдірген жағдайда нотариалды расталған сенімхат.
Динара Қалдыбекова,
аудан әкімі аппаратының
персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close