Qoǵam

Қорғаныс істері саласындағы қызметтер стандарттары

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары қандай Заңдармен бекітілген?
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 Бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 442 Бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеудің мақсаты неде?
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеудің басты мақсаты халыққа әскери – есеп құжаттарын, түрлі анықтамаларды алуын қолжетімді ету, талап етілетін құжаттар санын азайту және бірегейлендіру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлық көріністерін жою болып табылады.
Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қанша стандарты бар?
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 10 стандарты бекітілген. Атап айтқанда,
1) «Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3)«Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5)«Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6)«Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7)«Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8)«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9)«Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10)«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қайдан алуға болады?
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 442 Бұйрығына сәйкес барлық қызметтер бойынша өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда қанша қызмет электронды түрде көрсетіледі?
2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет электронды және қағаз түрінде көрсетіледі. Атап айтқанда, «Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру» және «Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер. Жоғарыда аталған қызметтерді алу үшін азаматтың тек электронды цифрлы қолтаңбасы болса болды, кез – келген жерде анықтаманы алуға болады. Алдағы уақытта жоғары басшылықпен электронды түрде көрсетілетін қызметтер санын көбейту жоспарлануда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін ақша төлеу қажет пе?
«Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау» Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша оқытылатынды даярлау құнының калькуляциясына сәйкес оқыту үшін төлем 263 318 теңгені құрайды және әскери – есеп құжаттарын (әскери билеттер, тіркеу куәліктерін) жоғалтқаны үшін «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 649-бабына сәйкес, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе ескерту көрсетілген. Ал мемлекеттік қызметті көрсетудің барлығы тегін.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу және басқа да сұрақтар туындаған жағдайда қайда хабарласуға болады?
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері жайында кез келген мәселелер бойынша Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Рысбек батыр көшесі, № 94 үй) келіп немесе 2-14-56 телефоны арқылы Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының көмекшісі (мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі) Аязбек Дастанға немесе 2-14-50 телефоны арқылы Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Асылбек Әділбекұлы Ахметовке хабарласып білуге болады.
Тағы айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен www.mod.gov.kz, www.gov4c.kz интернет-ресурстарында танысуға болады және бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар.

Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close