El іshі

“ТECHNODOM” ТИІМДІ ҚЫЗМЕТТЕР ҰСЫНУДА

Аудандық орталық базар маңындағы “Қаракөз” сауда үйінің бірінші қабатынан өткен жылы “Тechnodom” компаниясының филиалы ашылған болатын. Сауда орнынан көпшілік өздеріне қажетті тұрмыстық техникалар мен ұялы телефондарды сатып алуда. Тұрғындар облыс орталығына сабылмай-ақ, осы жерден таңдау жасауда. Одан бөлек, бүгінгі күннің талабына сай онлайн тапсырыс беруде.

Қазіргі таңда сауда орнында бес адам жұмыс істейді. Мұнда жауапты болып Ардақ Әбдіралиев бекітілген. Ардақ бізге “Тechnodom”-ның дүкенінде болып жатқан жеңілдіктер туралы айтып берді.
-Дүкеннің аудандағы филиалы өткен жылы желтоқсан айында ашылды. Көпшілік көрсетілетін қызметтерге үйреніп келеді. Дүкеннің мұнда әлі зат сақтайтын қоймасы жоқ. Сондықтан осындағы бар тауарды көрсетіміз. Бізде тұрмыстық техникалар, автокөліктердің дөңгелектері секілді тағы басқа да заттар бар. Кей жағдайда дүкеннің интернеттегі сайтына кіріп, тауарларды сол жерден ұсынамыз. Тауарды интернет-дүкен арқылы тапсырыс берсе, бір апта ішінде біздің дүкенге тегін жеткізіледі. Тауарлар Алматы, Шымкент, Тараз қалаларынан келеді. Содан кейін тұтынушы осы жерден алып кетеді.
Дүкенде сатып алушылар үшін жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, бізде бір жылдық зауыттық кепілдеме бар. Алған затын екі жылға бөліп төлеуге болады. Тауарлар Home, Halyk Bank, Жусан Банк, Сбербанк, Фридом Финанс, РБК, Альфа, Алтын, Еуразия банктері арқылы несиеге рәсімделеді. Бізде банктің өкілдері жоқ. Дегенмен ол қызметті онлайн жасаймыз.
Сонымен қатар, дүкеннен бір тауар алса, екінші затына 30 пайыз жеңілдік, үшінші затына 50 пайыз және төртінші затына 70 пайызға дейін жеңілдіктер болып тұрады.
Одан бөлек, тұрғындар “Тechnodom” сауда үйінің өзге филиалдарынан тауарлар алса, оған берілген қосымша бонустарын аудандағы филиалына келіп, ала алады.
Биыл елімізде “Тechnodom”-ның ашылғанына 19 жыл толып отыр. Дүкеннің туған күніне орай 13 пен 30 қыркүйек аралығында “Мега-розыгрыш” байқауы өтіп жатыр. Жүлде қоры 100 млн теңгені құрайды. Бұл байқауға қатысу үшін бізден бір тауар алып, Тechnodom”-ның сайтына тіркеледі. Яғни, сайтқа кіріп, түбіртектің нөмерін, өзінің аты-жөнін, байланыс телефонын көрсетеді. Тіркелген адамдар арасында байқау өтеді.
Тағы бір айта кетерлігі, онлайн-тапсырыс берудің тиімділігі бар. Бізге кейде тұрғындар “тауарларды өзге қалаларға жеткізу” керек деп келеді. Сол кезде біз онлайн тапсырыс беру арқылы “Тechnodom”-ның сол қаладағы филиалының мекенжайын көрсетеміз. Сол кезде тұрғындар тауарды жеткізу үшін ақша жұмсамайды. Әрі уақыт үнемдейді. Өздерінің көрсеткен қаласынан сол затты тапсырған сенімді өкілі арқылы ала алады, – дейді ол.
Әркімнің өз таңдауы бар. Дегенмен халыққа пайдалы және тиімді тұстарды қарастырғанымыз жөн. Мұндай сауда үйінің ауданымызда ашылуы тұрғындар үшін тиімді деп білеміз.

Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close