Basty bet

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Qazaq Epos» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын жариялайды.
Байқау 6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтеді. Қатысушылар қосымша Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Байқау 2021 жылдың 25 қыркүйек – 5 қараша аралығында өтеді.
Жеңімпаз оқушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Аудандық кезеңде:
1-орын – 150 мың теңге;
2-орын – 100 мың теңге;
3-орын – 50 мың теңге.
Облыстық (қалалық) кезеңде:
1-ші орын – 750 000 теңге;
2-ші орын – 350 000 теңге;
3-ші орын – 200 000 теңге.
Облыстық (қалалық) деңгейдегі жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне арналған ақшалай сыйлықтар:
1-ші орын – 1 500 000 теңге;
2-ші орын – 700 000 теңге;
3-ші орын – 400 000 теңге.
Байқау туралы толық ақпаратпен www.qazaqepos.com сайтында танысуға болады. Қосымша жаңалықтар мен мәліметтерді «Nur Otan» партиясы филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан таба аласыздар.
#NurOtanQazaqEpos

Таңдаулы материалдар

Close