Bіz týraly
Ұжым болып жазылды
Алдағы жылдың бірінші жартысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ Жуалы аудандық басқармасының ұжымы түгелдей аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетін алып оқитын болады.
Айта кетейік, қазан айының төртінші жұлдызынан елімізде, соның ішінде ауданда мерзімді басылымдарға жазылу науқаны басталды. Өңірде жазылым науқанын тиімді ұйымдастырып, алғаш болып аяқтаған мекемелердің қатарында «Қазақстан Халық банкі» АҚ Жуалы аудандық басқармасын айрықша атап көрсетуге болады. Мекеме басқарушысы Шолпан Исаева ханым өзі бас болып, ұжымды ауданның төл басылымына жазылуға мұрындық болуының арқасында банк қызметкерлері газетке толығымен жазылды.
– Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетіне жазылым биыл тың тәсілмен ұйымдастырылып отырғанын айтуымыз қажет. Осы ретте өңірдегі барлық мекемелердің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінші басшыларына редакция басшылығы атынан арнайы хат әзірленіп, онда басылымның қоғам өміріндегі маңызы атап көрсетілді. Сондықтан аталған үндеу хатымызға сергек қарай отырып, оған дер кезінде қолдау көрсетіп, ұжым болып жазылуға септігін тигізген банк басшылығына, ұжымына алғысымызды білдіреміз. Басқа мекемелер де осындай игі үрдістен үлгі алады деп сенеміз, – дейді «Жуалы аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті» ЖШС-нің директоры Әбдікерім Уркумбаев.