Basty bet
Екібастұз қаласындағы бос жұмыс орындарға дәрігер мамандар қажет
Бүгінгі күні Павлодар облысында денсаулық сақтау саласында кадрлардың жетіспеушілігі бар. Осыған байланысты Екібастұз қаласының емханаларының бас дәрігерлері Әміркенов Ғалымжан, Қабылтаев Садырбек, Сакенова Күләнда (87471084161) шілде айының 25-26 күндері Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келеді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, қоныс аударуға ниет білдіруші денсаулық сақтау саласының мамандарын аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуларын сұраймыз (Б.Момышұлы ауылы, Жібек жолы көш.№21; тел.:5-34-24; 5-07-88)
Бос жұмыс орындарына қажетті персонал:
– жалпы тәжірибедегі дәрігер – 8 адам;
– педиатр – 10 адам;
– акушер-гинеколог – 5 адам;
– дәрігер- онколог – 1 адам;
– дәрігер -травматолог – 2 адам;
– ЛОР-дәрігер – 3 адам;
– окулист-дәрігер – 3 адам.
Халықты жұмыспен қамту орталығы