Qoǵam

Ауырмайтын жол іздеу үшін

Қазақстан Республикасы Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 20 қазанында №46 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қаулысын бекітті. Осы қаулыға сәйкес 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізу кезеңіндегі әйелдерді коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жұмыстары аудан халқы арасында қарашаның 19-нан бері басталып кетті.
КВИ-ге қарсы вакцинация мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аудандық аурухана қызметкерлері жүргізу үстінде.
«Пфайзер» компаниясының КВИ-ге қарсы «Комирнати» вакцинасымен егу жұмыстарына тартылған барлық медицина қызметкерлері әдістемелік ұсынымдармен танысып, даярлаудан өткізілген. Аудан деңгейінде 10 мобильдік топ құрылып, жұмыс істеуде.
Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, ата-аналармен және басқа да нысаналы топтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілде. Дегенмен де жұртшылық арасында әлі де түсінбеушіліктер және сұрақтар көп. Соған байланысты вакцина туралы мағлұмат беруді жөн көрдік:
«Комирнати» – SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған КВИ-ге қарсы вакцина. Оның құрамында иммундық қорғаныш тудыратын вирус жоқ болғандықтан, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.
Бір құтыда сұйылтқаннан кейін 0,3 мл-ден 6 доза болады.
«Комирнати» вакцинасымен КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мынадай адамдар жатады: 12-17 жастағы жасөспірімдер; жүкті әйелдер, яғни жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейінгі әйелдер; бала емізу кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін);
Вакцинация жүргізілер алдында КВИ-дың және коронавирусқа антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді. КВИ-мен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалау ескеріле отырып, 6 айдан соң КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады.
Егер аяғы ауыр әйел жүктілікке дейін КВИ-ге қарсы егілген болса, соңғы екпеден кейін 6 ай өткен жағдайда «Комирнати» вакцнасымен бір мәрте қайта егіледі. Жүкті әйел ешқандай да вакцинамен егілмеген жағдайда, араға 21 күн салып, «Комирнати» вакцинасымен екі мәрте егілуі тиіс.
Аудан халқы арасында осы аралықта 1020 адам «Комирнати» вакцинасымен егілді, соның ішінде жасөспірімдер – 694, жүкті әйелдер – 150, емізулі балалары бар әйелдер -174.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеп, егуге келіңіздер.
Қалбике СӘРСЕНОВА,
аудандық орталық аурухананың иммунолог дәрігері

Таңдаулы материалдар

Close