Basty bet

Өңірлерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Жақында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы Өңірлерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңес отырысын, партия аудандық филиалы жанындағы аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Гүлнәр Мұсаханова ашып, жүргізіп отырды.

Кеңес жұмысына аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы Рафхат Абибуллаұлы, аудан әкімдігінің ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жуалы ауданының білім бөлімінің басшылары және аудандық орталық аурухананың бас дәрігері қатысты.
Күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе «2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламаларының Жуалы ауданында іске асырылу барысында орындалмайтын индикаторлар туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы Рафхат Абибуллаұлы баяндама жасады.
Баяндама аяқталған соң, баяндамашының баяндамасы назарға алынып, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 11 айдың қорытындысы бойынша орындалмау қаупі бар индикаторлардың санының өсуіне байланысты алдыңғы айлардағы жауапты мекемелердің берген мәліметін жинақтап ұсыныс енгізу туралы және аудан әкімдігінің ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, ТКШ, ЖК және АЖ, құрылыс, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, облыс әкімдігінің білім басқармасының аудандық білім бөлімінің басшылары мен аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне төмендегідей ұсыныстар айтылды.
Кеңеске орындалмау қаупі бар индикаторлар бойынша нақты, дәлелді себептері көрсетіле отырып ақпарат ұсыну, орындалмау қаупі бар индикаторлар бойынша жыл соңына дейін тиісті басқармалармен жұмыс жүргізу және алдағы жылдарға жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысының кеңеске қатыспағаны үшін аудан әкімінің атына қызметтік хат жолдау және кәсіпкерлік бөліміне қарасты гранттарға ұсынылған төрт жобаның маңыздылығын ескеру. Одан бөлек, хаттамадағы ұсыныстардың ақпараты 2022 жылдың 14 қаңтарға дейін жолдансын деген ұсыныстар айтылып, отырыс қорытындыланды.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close