Basty bet

Эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

Еліміздегі соңғы тәуліктегі эпидемиологиялық ахуалға көз жүгіртсек, ковидке шалдыққандар қаңтар айына қарағанда бәсендеген.
Қаңтар айының басында Түркістан облысы ғана «сары» аймақта, қалған өңірдің барлығы «қызыл» аймақта еді. Ал, ақпан айында коронавирус індетімен ауырғандар қаңтар айына қарағанда азайған. Облыстар біртіндеп «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көше бастады.
Жамбыл облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, одан әрі «жасылға» өтті.

Ауданымыздағы соңғы эпидахуал туралы біз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің бас маманы Нәзипа Өрісбекқызынан сұраған едік.
-2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 10 ақпанына дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны- 159, аурушаңдық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда көрсеткіш – 298,0 құрайды. 159 адамның коронавирусты жұқтырғаны тіркелген, оның ішінде 114(71%) симптомы бар науқас және 45(29%) адам КВИ симптомы жоқ науқастар.
Жылдың басынан бері науқастар ауданымыздың -28 ауылында тіркелді: Б.Момышұлы ауылы-57, Шақпақата ауылы-8, Көктас ауылы- 1, Нұрлыкент ауылы- 8, Дарбаза ауылы- 1, Жұрымбай ауылы-1, Көлбастау ауылы- 18, Диқан ауылы- 2, Көктөбе ауылы- 8, Ақтөбе ауылы-3, Қарабастау ауылы-1, Күреңбел ауылы- 3, Қошқарата ауылы- 1, Рысбек батыр ауылы-1, Бәйтерек ауылы-6, Бақалы ауылы-2, Қосбөлтек ауылы -4, Қайрат ауылы-6, Көлтоған-1, Қарасу ауылы -2, Ертай ауылы-2, Теріс ауылы-3, Қоңыртөбе ауылы-1, Қарасаз ауылы-4, Ынтымақ ауылы-1, Түктібай ауылы-4, Әбдіқадыр ауылы-1, Ақбастау ауылы-3, Т.Дүйсебайұлы ауылы-3, Шымбұлақ ауылы- 1.
Науқастардың ішінде ерлер/ұлдар -71, әйел/қыздар- 88.
Науқасқа шалдыққандардың жастары:1 жасқа дейінгі -17, 1-14 жастағылар- 33 , 15-19 жастағылыр -4, 20-29 жастағылар –17, 30-39 жастағы- 29, 40-49 жастағылар-11, 50-59 жастағылар-16, 60-69 жастағылар-16, 70 жастан жоғары -17.
Науқастардың барлығына бекітілген хаттамаға сәйкес, тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Бүгінгі күнге аудан бойынша Пфайзер/«Комирнати» вакцинасының 1 компонентін 4873 адам алды, оның ішінде 193 жүкті әйел, 390 емізулі әйел және 12-17 жастағы 4290 жасөспірім.
Ал 2 компонентін 1839 адам алды, оның ішінде 104 жүкті әйел, 256 емізулі әйел және 12-17 жастағы 1479 жасөспірім.
Ревакцинация бойынша иммундық жүйені нығайтуға және өздерін қауіпті аурудан қорғауға шешім қабылдаған 6453 адам QazVac вакцинасын, 500 Спутник Лайт, 2728 адам Sinopharm, 53 адам Пфайзер компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасын алды.
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарының қатысуымен коронавирустық инфекциясының алдын алу барысында: аудандық басылымында – 6 мақала жарияланды, 25 лекция, 256 әңгіме, 3 акция, 1 дөңгелек үстел, 90 тұрғын арасында сауалнама, медицина қызметкерлерінің арасында 1 семинар-сабақ өткізілді, 130 брошюра таратылды.
Қазіргі таңда ауданымызда коронавирус инфекциясымен ауырған науқастар қаңтар айына қарағанда аз тіркеліп жатыр, оның ішінде балалар көп тіркелген. Ал ауданымызда ауырып жатқан науқастардың ішінен “омикрон” штамы тіркелген жоқ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады. Қиын эпидемиологиялық күндерде тәртіпті сақтау – әр адамның азаматтық міндеті. Бұл тек өзі үшін ғана емес, өз балаларының, отандастарының және бүкіл қоғамның денсаулығы, өмірі мен әл-ауқаты үшін де үлкен жауапкершілік.
Бұл індеттен құтылудың жолы- вакцинация, өйткені бір уақытта және жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және бәрімізге тез арада әдеттегі өмір салтына оралуға мүмкіндік береді. Өздеріңізге жұқтыру қаупін төндірмеңіз, өздеріңіздің денсаулықтарыңызды сақтаңыздар.
Әлемдегі пандемияның жалғасуын ескере отырып, халықты вакцинациялауға және қарапайым шараларды сақтауға шақырамыз: бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қол гигиенасы,- дейді эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің бас маманы Нәзипа Әзімбекова.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close