Basty bet

«Саяси науқанда халық белсенді болуы тиіс»

№210 сайлау учаскесі төрайымының орынбасары Бауыржан Сабыровпен сұхбат

– Сәлеметсіз бе, Бауыржан Қыдырбекұлы, сіздің №210 сайлау учаскесінде еңбек етіп келе жатқаныңызға 25 жылдай уақыт болыпты. Сайлау науқанында да белсенділікпен көзге түсіп жүрген азаматтардың бірісіз. Айтыңызшы, №210 учаскелік сайлау комиссиясы қалай құрылды?
– «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабына сәйкес 2018 жылдың 10 желтоқсандағы Жуалы ауданы әкімінің №1 шешімімен Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Жуалы ауданының аумағында 39 сайлау учаскелері, оның ішінде №210 учаскесі құрылып, сайлау учаскелердің шекаралары бекітілді.
– №210 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы қандай?
– «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-бабы 1 тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес №210 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы 5 адамнан құрылған. 2 комиссия мүшесі мектеп қызметкерлері, қалған үшеуі басқа салаларда жұмыс істеді. Олар сайлау комиссиясында бірнеше жылдан бері жұмысын жалғастырып келе жатқандар.
Сапалық құрамы төмендегідей:
Барлық комиссия мүшелерінің екеуі ер, үшеуі әйел. Білім деңгейі бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген үш комиссия мүшесі, арнаулы оқу орнын бір комиссия мүшесі, орта білімді бір комиссия мүшесі аяқтаған. Ұлты бойынша барлығы қазақ.
Сайлау комиссияларының құрамында «Nur Otan» партиясынан – 1, «Қазақстан Халық партиясынан» – 1, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясынан – 1, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1, «ADAL» партиясынан – 1.
– №210 учаскелік сайлау комиссиясымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы, ауыл әкімінің сайлауы қандай құжаттың негізінде ұйымдастырылды?
– Учаскелік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын, ауыл әкімінің сайлауын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының негізінде жасап, бекіткен күнтізбелік жоспарлардың үлгілерімен жасалған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарларына сәйкес ұйымдастырды.
-Сайлау учаскесі сайлауға дайындық кезеңдерінде қалай жарақтандырылды?
-Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/199 Қаулысымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы тарапынан сайлау учаскесі кеңсе тауарларымен, жасырын дауыс беруге арналған кабинаға материалдармен, арнайы журналдармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ал Жуалы аудандық сайлау комиссиясы тарапынан билбордтар, ақпараттық тақта, күнтізбе, сайлау күнін көрсететін тақтайша, сайлау учаскесіне бағыттаушылар, медициналық дәрі қобдишалары, сайлаушыларға шақыру қағаздары дайындалып, таратылды.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан тілші
Мақпал СҮЙІНБАЙ

Таңдаулы материалдар

Close