Basty bet

Басты бағыт – ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу

2 наурыз күні аудандық орталық кітапхананың “Білім” залында «Nur Otan» («Аманат») партиясының жергілікті филиал мүшелерін марапаттау рәсімі болды. Жиында партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Марат Нарымбеков ашты. Ол «Өздеріңізге белгілі басқарушы органдардың сапалық құрамы, республикалық саяси кеңес өзгерді, депутаттық корпуста босаған орындарға мықты саясаткерлер, аналитиктер мен ғалымдар келіп жатыр. Партияның атауы өзгерді, біз де өзгермей қалмауымыз керек. Біздің басты күшіміз – дұрыс бағытта жұмыс жасау. Басты бағытымыз – бастауыш партия ұйымдарын жаңғырту, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу» – дей келе, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін, 1 наурыз – Партия күніне орай Нұрғали Әбделіұлы, Шіктібай Байдуллаұлы, Мадияр Бекболатұлы, Бауыржан Қыдырбекұлы, Айгүл Жұмабайқызы, Ұлбосын Сайынқызы, Рауан Дүйсенбекұлы, Құрманай Әскерқызы, Жаңаш Қуанышбекқызы, Шолпан Тілектесқызы Алғысхатпен марапатталды.
Партия құрамы жаңа мүшелермен толығып, жаңа қосылған Зәуре Айдосова, Арман Әбдіжапар, Салтанат Ералы, Әмір Қалбаевқа партия билеті табысталды.
Жиын соңында Б.Момышұлы ауылының «Аналар алқасының» төрайымы Жаңаш Қуанышбекқызы, ардагер Нұрғали Әбделіұлы, Жуалы аудандық «Аналар алқасы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Айгүл Жұмабайқызы сөз алып, партия құрылған кездегі естеліктерімен бөлісіп, жас буынға сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады.

Арайлым Берікбай,
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті

Таңдаулы материалдар

Close