Basty bet

«Сөзімізге ісіміз сай болуы керек»

деді облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Мұқаш Ескендіров

«Nurai Plaza» бизнес орталығында «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалы партия активінің отырысы өтті.
Партия активін партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі О.Қаржауов ашып, жүргізіп отырды.

Партия активі отырысына партия ардагерлері, аудандық Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш ұйым жетекшілері және жастар, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі, облыстық Саяси кеңес мүшесі Мұқаш Ескендіров қатысты.
Аудан әкімі партияның қоғамдағы орны туралы айта келіп, 1 наурызда өткен партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде ұсынылған партия жұмысын түбегейлі модернизациялау бағыттарына тоқталды.
– Съезд барысында Парламент Мәжілісіндегі партия Фракциясының Төрағасы Ерлан Қошанов партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс білдіріп, съезд делегаттары тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде қабылданған шешімдер, партияның ребрендингі – саяси реформаларға ұйытқы бола алатын, халықтың сұранысына жауап беретін, саяси бағыт-бағдары айқын күшке айналудың бастамасы,- деді Олжас Қаржауов. – Бұл – Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңарған партиямызға берілген айрықша жауапкершілік пен көрсетілген зор сенім.
Съезд шешімімен Партияны модернизациялаудың негізгі 7 басым бағыты айқындалды. Олар:
Бірінші. Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру.
Екінші. Партияластар арасындағы ынтымақтастықты арттыру.
Үшінші. Партияның жұмысындағы ашықтық.
Төртінші. Партиялық бақылауды күшейту.
Бесінші. Партияның бағдарламалық құжаттарын қайта қарау.
Алтыншы. Халықтың әртүрлі топтарымен жұмыс істеу.
Жетінші. «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын жетілдіру,- дей келіп, аудан әкімі алғашқы сөз кезегін партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы Марат Нарымбековке берді.
Марат Аманғалиұлы баяндамасында партияның басым бағыттар бойынша атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына тоқталды.
-Бүгінгі күні халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру- заман талабы.
Партия филиалдары тарапынан аймақтық, аумақтық қоғамдық кеңестердің құрамдары толық саралануда.
Құрамдарына депутаттардан бөлек қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, жаңартатын боламыз.
Ауданда 9 қоғамдық кеңестер жұмыс атқарып келеді.
Өткен жылы кеңестердің 33 отырысы өтіп, онда Жол карталарының орындалу барысы, қоғамдағы өзекті резонансты 35 мәселе қаралды.
Жергілікті атқарушы органдарға 200-ден аса тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Осы орайда, кеңестердің атауы мен қаралатын мәселелердің қайталайтыны ескеріле отырып, олардың саны аймақтық деңгейде 12-ден 8-ге, аумақтық деңгейде 9-дан 5-ке дейін оңтайланатын болады.
Бұл өз кезегінде кеңес отырыстарында қаралатын мәселелерге терең үңілуге және берілген ұсынымдардың сапалы іске асуын талдауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Кеңестерде қаралатын мәселелерді қоғам талқысына сала отырып, ашық өткізу тәжірибесін қолға алатын боламыз.
Қоғамдық қабылдау жұмысы қызмет көрсету тәсіліне бағыттай отырып ұйымдастырылатын болады.
Өткен жылы партияның аудандық филиалына 545 өтініш түсіп, оның 40,3%-ы оң шешімін тапты. Өтініштердің 59,6%-на заң аясында толыққанды түсініктеме берілді.
Аудан тұрғындарын негізінен әлеуметтік мәселелер, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуға қатысты сұрақтар толғандырған.
Партия Төрағасының сынынан қорытынды шығара отырып, партия өз электоратынан алшақтамау үшін қоғамдық қабылдау қызметін жаңа деңгейге шығарудың маңызы зор.
Жаңа медиада азаматтардың шағымдары мен сұраныстарының мониторингі жүйесін енгізу – өтінішпен қайырылған азаматтардың өтініштерінің қаралу барысын бақылауына мүмкіндік беретін болады. Яғни, сервистік модель шеңберінде азаматтардың өтініштері түскеннен бастап түпкілікті шешімін тапқанға дейін бақыланады.
Азаматтарды қабылдауды заманауи байланыс құралдары арқылы жүзеге асыруға баса ден қойылады.
Бір сөзбен айтқанда, халықпен, сайлаушылармен жүйелі кері байланыс партия жұмысын жаңғыртудағы негізгі басымдық болмақ.
Қоғамдық қабылдауды кабинеттерде шектелмей, мәслихат депутаттары мен Саяси кеңес мүшелерін қатыстыра отырып, шалғай елді мекендерде көшпелі қабылдаулар өткізу ұйымдастырылады.
Бастауыш партия ұйымдары – партияның негізі.
Қазіргі таңда жалпы филиалға қарасты 19 бастауыш партия ұйымдары қызмет етіп келеді.
Өткен жыл соңынан бері олардың 4 төрағасы ауысты.
Бүгінге дейін олардың қызметі қоғамдық негізде атқарылып келгені белгілі.
Партиялық жобаларды іске асыру үшін партия жарналарының 20%-ін аталған ұйымдарға беру-ұйым жұмысына тың серпін берері анық.
Біз барлық бастауыш ұйымдарына терең талдау жасап, округтік бастауыш партия ұйымдарын құру мақсатында олардың ірілендіру мәселесін қарастыратын боламыз,- деді М.Нарымбеков.
Сонымен бірге баяндамашы биылдан бастап ұйым төрағаларын бағалау және олардың рейтингін қалыптастыру шаралары қолға алынатынын жеткізді.
Ашықтық пен жариялылық – қоғам дамуының негізгі аспектілері бағыты аясында әдістемеге енгізілген өзгерістер бойынша мәслихат хатшысы мен фракция жетекшісінің бағалау рейтингісі күшейтілетін болады.
Ал, қоғамдық диалог, ашықтық – партия қызметінің негізгі басымдығы аясында халықты толғандыратын ең маңызды және өзекті мәселелер бойынша «Талқылау» пікірсайыс алаңы қолға алынатынын және алдағы уақытта депутаттар мен халық арасында жаңа форматтағы дебаттар мен ашық сұхбаттар жүргізіліп, тікелей эфирлер жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ, депутаттардың, жергілікті атқарушы органдардың, партия мүшелерінің брифингін өткізу мақсатында партиялық баспасөз орталығының жұмысы іске қосылатын болады.
Баяндамашы қоғамдық партиялық бақылау күшейетінін, жалпы партияның бағдарламалық құжаттары қайта қаралып, жаңа жобалар іске қосылатынын жеткізді.
Сөз кезегін алған аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков саяси алаңның бүгінгі ең басты критерийі – бұл заман талабына сай қоғам талаптарын ескеру, әсіресе халық мүддесін негізге алу қажеттігі туралы пікірімен бөлісті. Е.Өтемісұлы партия Төрағасы айтқан партияны жаңғырту, модернизациялау бағытындағы басымдықтардың бірнешеуіне тоқталып, өз ұсыныстарын жеткізді. Сөз соңында мәслихат хатшысы әр депутат, депутаттар фракциясы өз жұмысын халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен байланыстырып, тұрақты қоғам әлеуетін қалыптастырып, саяси белсенділікпен халық ішінде «Amanat» жаңа саяси партиясының беделін арттырып халық сеніміне ие болуға бар күш-жігерін салуға міндетті екенін жеткізді.
Жиында партия «Қызыларық» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлнар Әбілдаева мен партияның мәслихаттағы фракция мүшесі, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Мейіржан Телеушев те сөз сөйлеп, ой-пікір, ұсыныстарымен бөлісті. М. Телеушев үстіміздегі жылғы жастармен жұмыс жоспары туралы баяндады.
Сөз кезегі облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі, облыстық Саяси кеңес мүшесі Мұқаш Ескендіровке берілді.
-Жаңа Қазақстанды құру жолында ең бірінші жұмыссыздық мәселесін шешу керек. Халықтың әл-ауқатын, ел экономикасын көтеру, ауыл шаруашылығы саласында уақытты тиімді пайдаланып, жаңашылдыққа бет бұру қажет.
Ел басшылары, депутаттар сөзден іске көшуі тиіс. Еңбекті жасайтын қарапайым халық. Сіз бен біз халыққа алаңсыз жұмыс істеуі үшін жағдай жасауымыз керек. Өз міндетімізге жауапкершілікпен қарайық. Сөзімізге ісіміз сай болсын,- деді Мұқаш Зұлқарнайұлы.
Актив отырысын аудан әкімі қорытындылады.
Олжас Қаржауов: “Жол картасындағы кейбір қателіктерді зерделеп, өзгерістер енгізейік. Әрбір іс, енгізілетін өзгерістер ауданның дамуына, сапаға әсер етуі керек.
Мәселен, №16 Жуалы колледжінен пайдалы, сұранысқа ие мамандықтар ашу керек. Бұл мәселе жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне тікелей әсер етеді. Бізге тың идеялар, жаңа бастамалар керек. Осыны зерделеп, жоспарға енгізіп, жұмыс істеуіміз қажет,- деді О.Есалханұлы.

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close