El іshі

Іскер әйелдермен кездесті

Аудан әкімі Нарбай Ергебеков аудандық іскер әйелдер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Кездесу барысында Нарбай Әбілқасымұлы ауданның белді, белсенді кәсіпкерлеріне ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы көрсеткіштерімен таныстыра отырып, жетістіктерімен, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Әсима Шекеева бастап келген кәсіпкер қыз-келіншектердің өкілдері аудан басшысына атқарып отырған шаруалары жайлы мәлімдей келе, өз өтініштерін, тілек-талаптарын жеткізді. Мысалы, аудан жұртшылығына жақсы таныс, құс шаруашылығымен айналысып отырған кәсіпкер Айнагүл Ахмадбекова құс еті, жұмыртқа өндіру бағытында жұмыс істеп шаруашылығына қиыншылық тудырып отырған таза ауыз су мәселесін көтерді.
Сондай-ақ, Нарбай Ергебеков «Nurai Plaza» сауда үйінің егесі Нүрилә Мәлібековаға ғимараттың алдындағы автотұрақты реттеп, тәртіпке келтіруді ескертті.
Аудан басшысы кәсіпкерлердің толғандырып жүрген көптеген сұрақтарына жауап беріп, олардың ауданның барлық қоғамдық іс-шаралары барысында көрсетіп отырған қолдауларына ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Гүлмира МАХАНБЕТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close