El іshі

Ардагерлер арасында турнир өтті

Б.Момышұлы ауылындағы “Алатау” спорт клубында Ұлы Жеңістің 77 жылдығына және партияның “Ардагерлерді ардақтайық!” партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті.

Шараның мақсаты – “Ардагерлерді ардақтайық!” партиялық жобасын іске асыру, ардагерлер арасында саламатты өмір салтын насихаттау, олардың спорттық іс-шараларға белсенді түрде қатысу арқылы жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, тәлім-тәрбие беру.
Жарысты аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев ашып берді. Ол спорттық шаралардағы ардагерлердің белсенділігін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ал, “AMANAT” партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Марат Нарымбеков турнир “Орталық” бастауыш партия ұйымының бастамасымен бастауыш партия ұйымдарының бастамаларын қолдау мақсатында жергілікті жерлерде жобаларды іске асыру үшін партиялық жарналардан қайтарылған 20 пайыз қаржыға ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының қызметкерлері ардагерлерге ойынның шартын түсіндіріп өтті. Яғни, қариялар шахмат ойынын швецариялық бағытпен ойнап, өзара жарысты. Бір адамға 15 минуттан берілді. Ойында шах айтылмады.
Жалпы турнирге әр ауылдан келген он екі ардагер қатысты. Турнир нәтижесінде І орынды Жарқынбек Әуезов қанжығасына байласа, ІІ орын Сәрсенбай Жалымбетовке бұйырды. Ал, жүлделі ІІІ орынды Кемелбек Дәуренов иеленді. Жеңімпаз ардагерлерге сыйлықтар мен Алғысхат табысталды.

Таңдаулы материалдар

Close