El іshі
Тыл ардагерімен кездесті
Көкбастау ауылдық округіне қарасты Қосбөлтек ауылдық кітапханасы клуб мамандарымен бірлесіп, бүгінде 102 жасқан толып отырған тыл ардагері Үрімбай Үсібалиевпен «Желбіре, Жеңіс жалауы!» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – оқырмандарды Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің ерліктерімен жан-жақты таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке және Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін оятумен қоса, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.
Кездесу кешінің ұйымдастырушылары және ауыл жастары тыл ардагері Үрімбай атаға Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі үшін алғыстарын айтып, қарияның ақ батасын алды.
Тыл ардагерін Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жеңіс мерекесі – әр уақытта қайсарлық пен батылдықтың, ерен ерлік пен шыдамдылықтың символы. Еліміздің жеңіске жету жолында тылда еңбек еткен ардагерлердің арқасында қазіргі жас ұрпақ келісім мен бейбітшілікте, ынтымақ пен қуанышта өмір сүруде. Елімізде және әлемде бейбіт күн мәңгі жасасын!
Қосбөлтек ауылдық кітапханасы және ауылдық клуб