El іshі
Қос бірдей ауылдағы мешіт
оларды салуға осы ауылдан шыққан кәсіпкер әпкелеріміз демеушілік етуде
Бүгінде егемен елімізде халқымыздың бірен-сараны болмаса, көпшілігі діни сауатты. Ел ішінде ғана емес, алыстан хабар алдырған ғаламтор арқылы әлемнің түкпір-түкпіріндегі жаңалықтардан хабардар. Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген салиқалы саясатының арқасында дін саласындағы өзекті мәселелер оңтайлы шешімін табуда. Дейтұрғанмен, көптеген
ауыл-аймақтарда әлі де мешіт мәселесі өзекті болып тұрғаны тағы бар. Себебі,
олардың көпшілігі ескіріп, тозығы жеткендігі айтпасақ та түсінікті. Осыған байланысты, еліміздің түкпір-түкпірінен жас әрі бойында еліне, туып-өскен ауылына деген сүйіспеншілігі толып тұрған
кәсіпкер аға-әпкелеріміз демеушілік жасап, ауылдарға мешіттер тұрғызып
жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Сондай демеушіліктің арқасында бүгінде
Көкбастау ауылдық округінің Қосбөлтек және Бақалы ауылдарында мешіттер бой
көтеріп жатыр. Әуелі Қосбөлтек ауылдық мешітінің жайына тоқталсам деймін. Мұндағы Алла
үйінің құрылысына демеушілік көрсетіп жатқан ауыл тумасы Раушан Үсенова.
Туған ауылына деген аса құрметі мен сүйіспеншілігін білдіріп, ауыл халқы мен жастарына деп ауылдың кіреберісінен тұрғызылып жатқан мешіт ғимараты бұйырса, биыл күз айында жамағаттың игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Мұндай игілікті іске ауыл халқы да қол
ұшын беріп, жан-жақты көмек қолын созып, балаша қуанып жүр. Округке қарасты тағы бір ауыл-
Б а қ а л ы н ы ң к і р ебе р і с т ұ с ы н д а ғ ы сәулетті мешітке ауыл тумасы Гүлнар
Мырзахметова демеушілік етуде. Оның есебінше, мешіт ғимараты келесі жылы
ел игілігіне берілмек. О с ы н д а й ж о м а р т ж ү р е к т і әпкелеріміздің белсенділігі арқасында
округтегі діни ахуалдың тек жақсы жаққа бет бұратындығына кәміл сенімдімін. Өз
қаражаттары есебінен мешіт салдырып, ауылым үшін деген осындай асыл
жандарға бұл өмірдегі бар жақсылықты тілеп, шексіз алғысымды білдіремін.
Ержан СЕРКЕБАЕВ,
Көкбастау ауылдық
округінің әкімі