Basty bet

Асқақтай бер, Елорда!

6 шілде – Елорда күні. Тәуелсіздігіміздің арқасында, ғасырлар тоғысында дүниеге келген әсем Елордамыз бағзы замандардағы батырлар секілді күн санап емес, сәт санап, сән-салтанаты жарасқан әлемдік үлгідегі әсем қала болып көз алдымызда көркейіп келеді.
Кең байтақ Сарыарқа төрінде бой көтерген нұрлы қала Елорда мен Тәуелсіздік егіз ұғымға айналды.
Осыған орай, аудандағы орталық саябақта аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Асқақтай бер, Елорда!» атты мерекелік шара өтті.
Шараны мәдениет үйінің қызметкерлері Мәдина Сванбаева және Мадияр Сағынбек жүргізді.
Мерекелік шара барысында мәдениет үйінің қызметкерлері Мадияр Сағынбек «Қазақстаным!», Гүлнар Қашкеева «Туған жер», Назерке Ахмет «Астана», Мәдина Сванбаева «Елім, жерім!», «Қазақ елі» атты әндерімен жиналған қауымға патриоттық рух сыйлап, кештің ажарын ашты.

«Жаңа өмір» – ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close