Basty bet
Ауыл шаруашылығы техника паркі 31 пайызға жаңарған
Аудан халықтың негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланыста қатар дамып келеді. Мал және мал өнімдерінен тұратын өндіріс көлемі де соңғы жылдары біршама артқан. Бүгінде мал өндірісінен алынатын сүт және ірімшік өнімдері ауданның негізгі брендіне айналып үлгерген.
Өңір экономикасы аграрлық салаға құрылғандықтан облыстағы ауыл шаруашылығы тауарының үлесі 10,6 пайызын құрады. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерлері 216 306 гектар болса, оның 95 449 гектары егістік, 2 046 гектары шабындық, 114 559 гектары жайылым, 265 гектары көп жылдық екпелер.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары, атап айтсақ, бидай – 9 700, арпа – 29 100, майлы дақылдар – 22 120 гектар алқапқа себілді. Ал картоп – 2 725, көкөніс – 745, дәндік жүгері – 340, бақша – 10 гектар алқапқа орналастырылды. Көп жылдық шөптер – 31 640 гектарды алып жатса, оның сүрлемдік жүгерісі – 870, жаңа жоңышқа – 3 815, көп жылдық шөп – 26 955 гектарды құрайды.
Мал азығы бүгінгі таңда 35 530 гектар алқаптан дайындалуда. Оның ішінде өткен жылдардағы көп жылдық шөп 31 640 га, сүрлемдік жүгері 870 га, және 3 020 га табиғи шөптер бар. Биыл мал азығы үшін 155 300 тонна пішен, 12 500 тонна пішендеме, 41 900 тонна сабан және 12 000 тонна сүрлем дайындау жоспарланған.
Бүгінгі таңда бірінші және екінші орымнан 146 520 тонна пішен дайындалып, ол жоспардың 94,3 пайыз құрады. Бұдан бөлек, 4 250 тонна сабан, 12 520 тонна пішендеме дайындалған. Бұл жұмыстар жалғасын табуда. Сонымен қатар сүр (пар) көтеріліп 979 гектар алқап өндеуден өткізілген. Егінге орақ түсіп, 38 800 гектардың арпа-бидайы жиналу үстінде. Бүгінгі таңда ораққа түскені 5242 гектар алқап. Гектарына алынған орташа өнім 18,9 центнерді құрады. Жалпы түскені 9911,4 тонна. Таратып айтсақ, 280 гектар алқаптың бидайы жиналып, оның гектарына шаққандағы орташа өнімділігі 18,4 центнер болса, түсімі 516,7 тонна. Ал ораққа түскен арпа 4913 гектарды құрап, оның орташа өнімділігі 18,6 центнерден айналуда. Ораққа аудан бойынша 78 комбайн араласуда. Казіргі таңда барлық ауылдық округтерде науқандық егін жинау жұмыстары атқарылуда.
Агроқұрылымдардың техника паркі де жыл санап жаңаруда. Агроқұрылымдар мен шаруашылықтарда бүгінгі таңда 634 трактор, 158 комбайн және 790 ауыл шаруашылығы тіркемесі бар. Өңірде мал азығын дайындауға осы техникалардың барлығы қатысуда. Тракторлардан бөлек, жасыл ораққа 51 комбайндар, 60 шөп тайлағы, 193 жүк автокөлігі мен 192 ауыл шаруашылығы тіркемелері араласуда. Үстіміздегі жылы жаңа техникалар алу жоспары 174 техника болса, ол бүгінде 11 пайызды құраған. Атап айтсақ, 505 миллион теңгеге 54 жаңа техника алынған. Техника паркін жаңарту 31 пайызды құрап, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың көктемгі және күзгі дала жұмыстарына қажетті кепілдендірілген дизель отыны «Ақ қайың» ЖШС арқылы таратылды. Көктемгі дала жұмыстарына жоспар бойынша 1300 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Ақпан айына 291 тонна, наурыз айына 314 тонна, сәуірге 310 тонна, мамыр айына бөлінгені 325 тонна, жеткізілгені 304,793 тонна, таратылғаны 304,793 тонна. Қалдық жоқ.
Күзгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағар май барлық ауылдық округтерден жинақталып, ауыл шаруашылығы басқармасына 2015 тоннаға тапсырыс берілді. Оның бір литрі 205 теңге болып белгіленді. Шілде айына бөлінген жанар-жағар майға қаражаты толық төленді.
Биыл агроқұрылымдарға 4 879,5 тонна тыңайтқыш алу жоспарланған. Бүгінгі таңда 298 шаруа қожалық 43985,7 тонна тыңайтқыш алуға келісім шартқа тұрған. Алынғаны 3 517,9 тонна. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда. «Каз Азот» компаниясы ауданға қажетті аммиакты селитра минералды тыңайтқыштарын аудан орталығындағы астық сақтау қоймасынан босатуда.
Мал басы да артып келеді. Мүйізді ірі қара басы ауданда 54 700 басқа, қой-ешкі 279 600 басқа, жылқы 15 094 басқа жеткен.
Ақтөбе ауылдық округінде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасы аясында өткен жылы 94 тонна ет, 320 тонна сүт өнімі өндірілді. Жыл соңына дейін қосымша 120 тонна ет өндіру жоспарлануда. Жалпы округте өткен жылмен салыстырғанда мал басы 4 215-ке көбейген. «Атамекен-Бастау» кооперативіне 10 гектар егістік жер берілген. Кооперативтерді жабдықтау және құру бағыты бойынша 19 ауыл шаруашылығы техникасы лизинг жүйесімен алынды. Округте жеке кәсіпкер Гүлбану Канатбаеваның кондитерлік цехы іске қосылып, тәулігіне 2 600 килограмм өнім өндіріп, дүкендердерге өткерілуде. Кәсіпкер 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.
Өткен жылы жобаға Ақсай ауылдық округіндегі «Жуалы 2020» ауыл шаруашылығы кооперативі еніп, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы қанатқақты жоба аясында қайтқан қаржыдан қаржыландырылуда. Бүгінгі таңда кооперативке мүше болып енген ауыл тұрғындары мал алып, үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы жер телімдерін тиімді игеруге көшкен. Оның ішінде 5 жоба іске асырылуда.
Елді мекендердің маңындағы 5-7 километрдегі 17,1 мың гектар жайылым жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алу жұмыстары атқарылуда. Өткен жылы елді мекендерден 5 километр қашықтықта орналасқан жалпы көлемі 17 177 гектарды құрайтын 183 жер телімі анықталған. 2021 жылы 1 482 гектар, 2022 жылдың бірінші тоқсанында 1 795 гектар жайылым жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жыл соңына дейін 50 пайызын қайтару жоспарлануда. Малы көп ауыл тұрғындарының төрт түлігі шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығару жұмыстары ұйымдастырылып, қазіргі таңда 39 шаруа қожалық 14,1 мың гектар орман жер қорымен келісім шарт жасасты. Биыл егіс жинау науқаны аяқталғаннан кейін кедергісіз мал жаю 14 ауылдық округ бойынша 103 шаруа қожалықпен 14,3 мың гектарға мемарандум жасалып, қол қойылды. Игерілмеген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару 7,6 мың гектарды құрады.
Ержан СЕРКЕБАЕВ,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы.