Basty bet
Бес жылдықтың жоспары – 636 адамды пәтермен қамту
Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 710, тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегінде – 3 354 адам тұр. Кезектілік мәселесін шешу мақсатында өткен жылы Б.Момышұлы ауылында 18 пәтерлі үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып, 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Ендігі жерде оның инженерлік инфрақұрылымын тарту жұмыстары қалып отыр. Ол үшін қосымша қаражат қарастырылуда. Бұл көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға биыл беру жоспарымызда бар.
Бұдан бөлек, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 36 жас маманды, «Асар» жобасымен 14 отбасын тұрғын үймен қамту көзделген.
Биыл Б.Момышұлы ауылында 60 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйдің және 18 пәтерлі 3 қабатты бір үйдің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп сараптама қортытыңдысы алынып, бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінген жағдайда, 2025 жылға дейін облыс әкімдігі құрылыс басқармасының жоспарына сәйкес 60 пәтерлік 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Ал жер телімі кезегінде тұрғандарды жер телімдерімен қамтамасыз ету үшін жұмыстар басталып кетті. Атап айтсақ, өткен жылы Б.Момышұлы ауылындағы Көктөбе тұрғын алқабынан 170 жер телімі кезектегі азаматтарға үлестірілді. Биыл үш тұрғын алқапта, атап айтсақ, Теріс ауылында – 63, Нұрлыкентте – 61, Қосбөлтекте – 62, барлығы аталған елді мекендерде 183 жер телімі берілмек. Ол тұрғын алқаптар электр желісімен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда ауызсу мен газ желілері тартылуда.
Алдағы жылы 5 тұрғын алқапқа ауыз су және газ жүйлерін кіргізу үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, бюджеттік өтінім өткізілген. Бұл жобалар іске асырылса 348 жер телімін беру көзделген. Одан кейінгі жылдарда Көлбастау мен өзге де 3 тұрғын алқапты қосу жоспарда бар. Алдағы үш жылда 2693 адамды, яғни, кезектегі тұрғындардың 80 пайызын жер телімімен қамту жоспарымызда бар.
Аудандағы 49 елді мекеннің 31-і орталықтандырылған таза ауыз жүйесіне қосылған. Биыл 4 елді мекенге жаңадан орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспалануда (Қоңыртөбе, Жаңаталап-Ақтоған, Рысбек батыр ауылдары). Алдағы үш жылда 14 елді мекенге таза ауыз су тарту жоспарда бар.
Газбен қамту жұмыстары жақсы қолға қойылған. 49 елді мекеннің бүгінде 40-ы көгілдір отын тұтынады. Ол 81,6 пайызды құрайды. Биыл таулы өңірдегі Қаратас, Рысбек батыр, Қызтоған, Ақтасты мен Қошқарата ауылдарын табиғи газбен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қалған 4 елді мекен бойынша жобалық-сметалық құжаты дайындалып сараптама қарауына ұсынылды.
Бұдан бөлек, аудандағы 169 әлеуметтік нысанның 115-і табиғи газды, 54-і тас көмірді пайдаланады. Биыл 14 нысанды газға қосу жоспарланған. Қалғандары алдағы үш жылда толық көгілдір отынға ауыстырылады.
Өткен жылдың қорытындысымен ауылішілік жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 80, жарықтандырылуы 68 пайызды құрап, жалпы 186 көше жарықтандырылған. Биыл 6 ауылішілік көшеге жарық жүйесін жүргізу жоспарлануда. Электр желілерінің жалпы ұзындығы 863,38 километрді құраса, биыл 837 километр электр желілерін ағымды және күрделі жөндеуден өткізу межеленген. Сонымен қатар 388 бағана, 5 трансформаторды ауыстыру белгіленген.
Жол күретамыр. Жуалы ауданы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 561,2 километр. Ағымдағы жылға автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстарына 1088778 мың теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда.
Білім саласында 6 білім ошағын қайта салу және 1 жапсарлас ғимарат салу, 9 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу жөніндегі» жол картасына аудан бойынша аталған 6 білім ошағы және 1 жапсарлас ғимарат салу енгізілді. Биыл Диқан және Алатау ауылдарындағы 180 орындық орта мектептер пайдалануға беріледі. Ал 2022-2025 жылдар аралығында 4 мектепке жаңа құрылыс және 1 жапсарлас ғимарат салу, 9 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ойда бар.
Ауданда халыққа 47 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Б.Момышұлы ауылында ауылында орталық ауруханаға жаңа ғимарат қажет. Сонымен бірге бірнеше елді мекенде дәрігерлік амбулатория, ФАП пен МП салу жоспарланған. Мәдениет саласында да дәл осындай жағдай. Бірнеше елді мекенде мәдениет үйі жоқ. Биыл Қайрат ауылында 149 орындық мәдениет үйін салу көзделген. Алдағы үш жылда Көлбастау, Кәріқорған ауылында 149 орындық мәдениет үйлерін салу, Шақпақ пен Күреңбел ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Спорт саласында биыл 1, алдағы жылы 1, одан кейінгі жылдары 4 нысан салу жоспарда бар.
Нұрсұлтан САУРБАЕВ,
аудан әкімдігі сәулет,
қала құрылысы және
құрылыс бөлімінің басшысы