Basty bet
ХАЛЫҚПЕН ЕТЕНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың 2019 жылғы 13 наурыздағы №70 «Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмін бекіту туралы» өкіміне сай Ақсай ауылдық округінің атқарушы органдарының алдына ауқымды мақсат-міндеттер қойылып, оларды оңтайлы әрі тиімді іске асыруға бағытталған іс-шаралар атқарылуда.
Ауылдық округке қарасты Қайрат және Диқан ауылдарындағы барлығы 518 аулада 3106 халық тұрады. Округ аумағында 153 шаруа қожалығы құрылған. Алты арнайы дүкен халыққа қызмет етсе, жеке аулалардан сүт қабылдап, тасымалдаумен алты адам айналысады.
Әкімдік аппараты қызметкерлерінің маңызды міндетерінің бірі аудан бюджетін тұрғындар есебінен төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер арқылы толтыру болса, округте биылғы жылы төлем көздерінен төленуге жатпайтын кірістер бойынша жеке табыс салығы 267%, мүлік салығы 111%, жер салықтары 104%, көлік салығы 104% орындалды. Жеке және заңды тұлғалардан 28 өтініш түсіп, дер кезінде шешімін тапты.
Округ әкімі Марат Қасымбековтың басшылығымен өңірде 2019-2021 жылдар аралығында атқарылатын жұмыстардың жоспары бекітіліп, қажетті алғышарттар жасалуда.
Диқан ауылының Ы.Байділдә көшесіне орта жөндеу жұмыстарына 13 464 мың теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда. «Елді мекендердің санитариясы» бағдарламасымен көшелердегі ағаштарды кесу, бұтау жұмыстары жүргізіліп, қаржы игерілімі 99,8% орындалды.
Округ орталығы – Қайрат ауылының Абай көшесінде газ құбырынан тыс қалған бірнеше үйді газдандыру, Төле би, Садыбай батыр және Диқан ауылының Жамбыл көшесін орта жөндеу, Диқан ауылына кіреберіс сайдағы көпірден жаяу жүргіншілер жолын салу, Қайрат ауылындағы Ә.Молдағұлова көшесін кеңейтіп ашу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне қаржы бөлу туралы сұраныс берілді.
Қайрат ауылындағы О.Тәукебаев көшесі жарықтандырылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Қайрат ауылына «Street Workaut» алаңшасы салынып, ел игілігіне берілді. Диқан ауылының бейіті қоршалып, жолы жасалынды. Осы ауылдың Ы.Байділдә көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қайрат ауылындағы «Қайрат» және Диқан ауылында «Шетбұлақ» су тоғандарының мемлекеттік жер актісі мен техникалық төлқұжаты әзірленіп, облыстық су қоймалары мекемесінің теңгеріміне өткізілді.
Жұмыс алгоритмі округ әкімінің аптасына бір рет елді мекендерді аралауы, төртінші деңгейдегі бюджеттің кірісін көтеру, оны тиімді пайдалануға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру, елді мекеннің әлеуметтік төлқұжаты мен экономикалық дерекқорын әзірлеу, елді мекендегі мемлекеттік мекемелердің жұмысын үйлестіру секілді бес негізгі бағыттан құрылған.
Жұмыс алгоритміне сай ауылдық округ әкімінің елді мекендерді аралауы Диқан ауылынан басталды. Тұрғындармен кездесу барысында азаматтар қабылданып, сұрақтар мен проблемалар жинақталды. Мұндағы басты мәселе, ауылішілік жолдарды жөндеу, жаңа мектеп ғимаратын соғу, ауыз су құбырларын жаңарту және жайылымның тарлығы. Жұмыс алгоритмінде көрсетілгендей, мәліметтер облыс әкімдігі бекіткен үлгіге сәйкес жинақталады.
Елді мекендегі жеке тұрғын үй құрылысына немесе коммерциялық мақсатта берілген жер учаскелерінің игерілуі, келісім-шарт негізінде мерзімінде игерілмеген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы және бос жатқан жерлерді анықтау оны заң талаптарына сәйкес кәсіпкерлерге беруді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері әркез ескеріледі. Барлық коммерциялық мақсатта берілген жер телімдерін анықтау кезінде елді мекеннен 5-7 шақырым радиуста берілген жайылым жерлер жоқ.
Елді мекендердегі тұрғындардың қосалқы шаруашылығын (үй іргесіндегі жердің пайдалану деңгейі, оның сумен қамтылғандығы туралы, малдың құстың басы, түрі өндірілген өнімдерді тұтыну, сату, өңдеу с.с.) жағдайын қарау және оны жұмыс көзіне айналдыру, тиімділігін арттыруға қатысты нақты іс-шараларды жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда 518 отбасының 3 106 тұрғынының тұрмыс тіршілігі зерделеніп, жалпы сомасы 272 млн теңгені құрайтын барлығы 61 жоба дайындалып, жинақталған мәселелер дерекқорға енгізіліп, ұсыныстар белгіленген тәртіппен жоғары тұрған атқарушы органдарға жолданды.
Қайрат ауылында да басты мәселе, ауылішілік жолдарды жөндеу, ауыз су құбырларын жаңарту, жаңа тұрғын алапқа инфрақұрылым жүргізу және жайылым мәселелері. Сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым көздері (газ, электр желісі, ауыз су) бола тұра, тұрғындардың қосылмауы немесе басқа да қамтылмау себептерін анықтау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда Қайрат ауылы Абай көшесінің бойында алты отбасының табиғи газға қосылмағандығы анықталып, жобалық-сметалық құжаттары жасалынып, бюджетке өтінім берілді және А.Байтұрсынов көшесінің тұрғыны жағдайы төмен отбасы Сартаевтар отбасының үйіне табиғи газға ауыл жастарының және Қайрат ауылы мешітінің көмегімен газ қосылып берілді.
Округте тек бюджет қаражатына сүйенбей, әлеуметтік осал топтар тарапынан туындаған проблемаларға ерекше көңіл аударылуда. Осы ретте, Диқан ауылының тұрғыны, зейнеткер Зәкира Есімбекованың тұрмыстық жағдайы зерделеніп, демеуші ауыл жастарын тарта отырып, үйінің шатырын ауыстыру жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, Қайрат ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі Құрманкүл Өмірбекованың да үйінің шатырын ауыстыру демеушілердің мүмкіндігін пайдаланып, шешілетін болды.
Ауыл жастарының бастамасымен бүгінде округ орталығындағы Әбдеш Беделбаев көшесінің бойынан жабық спорт алаңын салу үшін жер телімін сатып алу көзделуде.
Әкімдік аппараты жергілікті бюджеттің кірісін көтеру, тиімді пайдалану жұмыстарын ұйымдастырылуда. 2019 жылға бюджет жоспары – 126 501,0 мың теңгені құрайды деп болжамдалуда, соның ішінде республикалық бюджеттің трансферттері – 25 809,0 мың теңге, жергілікті субвенция – 95 525,0 мың теңге. Кіріс көздері – 5 139,0 мың теңге. Мәселен, өсімді ескере отырып, жеке тұлғалардан жиналатын мүлік салығы 52,0 мың, жер салығы 287,0 мың, көлік салығы 3300,0 мың, жеке табыс салығы 1500,0 мың, басқа да салықтық емес түсімдер 2,0, әкімшілік айыппұлдар 26,0 мың теңге көлемінде болжанды.
Бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында ауылдық округ бойынша әрбір аула өзіне тиесілі аумақты арық-атыздарын және қоқыстарын тазалау туралы ескерту парақшалары таратылып, ескертілді. Заң бұзушылық анықталған жағдайда айыппұл салу үшін планшет сатып алынды. Арнайы бағдарламасын енгізу қажет, сонда ғана айыппұл сала аламыз, бүгінгі күнге бұл жұмыс прокуратура органдары тарапынан ауылдық округ әкімдеріне рұқсат берілмеуі себебінен кешеуілдеп тұр.
Ауылдық округте тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдаумен қамтамасыз ету мақсатында әр аптаның бейсенбі күні «Бақ дәулет» ЖК әрбір ауладан қоқыстарды жинап, тасымалдаумен айналысады. Қазіргі күні бұрынғыдай тұрғындардың сай-салаларға қоқыс тастауы азайды.
Елді мекеннің әлеуметтік төлқұжатын әзірлеу мақсатында ауылдық округтегі барлық әлеуметтік нысандарға талдау жүргізілді, инфрақұрылымдық нысандардың қай жылы салынғандығы, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жүргізілгендігі және бүгінгі жағдайы (апатты, жарамды) туралы мәліметтер толық жиналып, төлқұжат әзірленді.
Елді мекеннің экономикалық дерекқоры үш бөлімнен тұрады. Жер пайдаланушылардың картасын жасақтау бойынша жердің санатын (суарылмалы, тәлім, жайылым, шабындық, босалқы жерлер т.б.) нақтылап көрсету бұл жұмыс жыл ішінде тұрақты түрде тиісті мониторинг жүргізілді.
Жер пайдаланушылардың жерді игеру мүмкіндігін анықтау (елді мекендегі материалдық-техникалық базаның жеткіліктілігі) техникалар мен құрал-жабдықтардың шыққан жылы, қуаттылығы және олардың елді мекендегі егістік жерлерді агротехнологиялық нормативтерге, қолайлы егу мерзімдеріне сәйкестігі, жетіспейтін техника мен құрал-жабдықтардың тізімі және олардың шешу жолдары бойынша тізілімі жасалды. Қажетті жетіспейтін техникалар мен құрал-жабдықтар бүгінгі күнге өз шешімін табу үшін мәліметтері жинақталып, дерекқорға енгізілді.
Жер пайдаланушылардың жерді өзі игермей, басқаларға жалға беру фактілері барлық егін егіліп біткеннен кейін анықталады және бұл туралы түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Игерілмей қалған жерлер «Қазғарыш» мекемесі арқылы анықталып, тізімі аудан әкімінің салалық орынбасарына тапсырылды.
Жердің құнарсыздануына, өнімнің төмендеуіне жол бермеу жұмыстарын жандандыру барысында анықталған мәселе бүгінгі таңда үлкен орын алады. Тыңайтқыштарды алу ережесі өзгеріп, тыңайтқыштардың қымбаттығы шаруаларға қиындау болып тұр. Жерлердің құнарын келтіру үшін егістік айналымы, ауыспалы егістік тәжірибесі енгізілуі тиіс.
Ауылдық округ әкімі аппараты өңірдегі барлық мемлекеттік мекемелермен үнемі тығыз байланыста, тұрғындар тарапынан туындап отырған арыз-шағымдарды, сұрақтар мен проблемаларды бірлесе отырып, қаралуы мен шешілуі тиісті деңгейде ұйымдастырылуда. Қоғамдық тәртіпке және «Жастар іс-тәжірибесіне» қатысты округ әкімі мен учаскелік полиция инспекторы арасындағы байланыстар жүйелі жолға қойылған. Анықталған мәселелер бойынша мемлекеттік мекеме басшыларымен бірлесіп, шешім қабылданады.
Округ әкімдігі аппаратының мәліметіне сүйенсек, өңірде жыл басынан белгіленген негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпіні сақталған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауыл экономикасының барлық салаларында өсімге қол жеткізілген. Мәселен, аудан және округі әкімдері арасындағы биылғы жылға жасалған келісімдердің түйінді нысаналы индикаторларының 19 тізімі бекітілсе, соның тоғыз индикаторы (тоқсандық көрсеткіштер) бойынша келісімдер орындалып отыр.
Өңірде төрт түлік мал басы артып келеді. Мүйізді ірі қара мал басын 3318 басқа арттыру межеленсе, орындалғаны 4158 бас, яғни 131 пайыз, қой мен ешкі жоспардағы 3824 бастың орнына 4200 басқа, яғни 109,0 пайызға артты. Жылқы жоспарда көрсетілген 450 бастан 20 басқа артық, яғни 104,0 пайызға, үй құстары жоспар бойынша 4248 бас, орындалғаны 5030 бас, яғни 118,0 пайыз.
Шағын және орта бизнес субъектілері саны да жылдан-жылға өсе түсіп келеді. 18 бірлік, орындалғаны 8 бірлік, 2 тоқсанға 8 бірлік, яғни 100 пайыз орындалды.
Салықтық және салықтық емес түсімдердің бекітілген бюджетпен салыстырғандағы өсімі жоспар бойынша 100,0 пайыз, орындалғаны 104,1 пайыз. Бюджет қаражаттарының тоқсан қорытындысымен иегерілуі жоспар бойынша 97 пайыз, орындалуы 99,7 пайыз.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылданатын азаматтар үлесі аудандық деңгеймен шамалас, яғни 29,6 пайызды құрап отыр.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы (әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар тәжірибесі, ақылы қоғамдық жұмыстар, тұрақты жұмыс орындары) жоспар бойынша 102 адам, орындалғаны 20 адам, 2 тоқсанға 29 адам, орындалуы 100 пайыз.
Ауылдық округте тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдаумен қамтылғандар үлесі (жалпы аула санынан) жоспар бойынша 93,0 пайыз, орындалғаны 93,0 пайыз.
Ауылдық округ әкімі жыл басынан бері 16 шешім, 77 өкім шығарған. Өткізген жиындар мен кеңестердің іс-шаралары, хаттамалары жүйелі түрде орындалуда. Күнделікті қызмет барысында «Мемлекеттік қызметшілер этикасы» қағидалары қатаң сақталуда.
Ауылдық округте 12 мүшеден құрылған жергілікті қоғамдастық жұмыс істейді. Қоғамдастықтың міндеттеріне ауылдық округ аумағында шешімін күткен мәселелерді бірлесіп талқылау, әкімдік тарапынан төртінші деңгейдегі бюджет қаражаттарының тиімді жұмсалуын қадағалау мәселелері енеді.
Өткен жылы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің шешімімен Қайрат ауылындағы мұсылман зираты қоршалып, қара жол төселді. Бірқатар ауыл көшелерін жарықтандыруға және абаттандыруға қаражат қарастырылды.
Қайрат ауылынан терең сайдың арғы бетінде орналасқан № 15 мектеп-лицейге оқушылардың қатынауын жеңілдету мақсатында сайдың жағасында тұратын екі үйдің арасынан сайға қарай ұзын жол түсіріліп, сайдың табанынан көпір салынды. Нәтижесінде оқушылар бұрынғыдай көпір айналып жүрмей, мектепке тікелей сай арқылы жаяу қатынайтын болды.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей бастамасымен өңірде іске асырылып жатқан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 160,5 миллион теңгенің 28 жобасы түзілді. Нәтижесінде 91 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылып, отбасының жиынтық кірісі 64 200 теңге болады деп болжамдалып отыр.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»