Basty bet
Дау бітімгершілікпен реттелді
Жуалы аудандық соты, жер үлесін бөліп беру туралы дау бітімгершілікпен реттелгенін хабарлайды.
Сотпен анықталғандай, талап қоюшы Ш. өзінің әкесінен 32,15 гектар жер үлесін мұрагерлікке қабылдаған. Аталған жер учаскесіне құқық беру туралы талап қоюшы Ш. әкесі және азамат И. арасында кезінде келісім жасалып, азамат И. қайтыс болғаннан кейін оның баласы жауапкер А. жерді өзінің атына рәсімдеген.
«Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы» АҚ мәліметтеріне сәйкес, талап қоюшы дауласып жатқан жер учаскесі қазіргі таңда жауапкер Н. шаруа қожалығының құрамында тұр.
Талап қоюшы жауапкерлерге аталған шаруа қожалықтан шығатыны жөнінде және өзіне тиесілі жер учаскесінің үлесін өзіне бөліп беру туралы жүгінген болатын. Алайда оның арызы жауапсыз қалып, соңында ол сотқа жүгінген.
Істі сотқа дайындау барысында татуластырушы – судьямен тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуластыру рәсіміне қатысуға шақырылып, дауды бейбіт жолмен шешудің жолдары түсіндірілді.
Татуластыру рәсімінің нәтижесінде тараптар бітімгершілік келісімге қол қойып, оған сәйкес жауапкер А. үстіміздегі жылдың 30-шы шілдесіне дейін «Т» шаруа қожалығының жерінен талап қоюшы Ш. тиесілі 9,57 гектар жер үлесін бөліп беруге міндеттенеді.
Келісім сотпен бекітіліп, іс өндірісімен қысқартылды. Мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»