Ádebıet

Түннің сыры

Түннің сырын білгенімше ашайын,
Жұмбағынан сұлу мүсін қашайын.
Жұлдыздардай сәні болған түнгі аспан,
Үміттерден жұлдыз моншақ жасайын.

Түн – тыныштық, маужырайды
айлы аспан,
Айдын көлде қос аққу құс жайғасқан.
Қанаттарын әлсін-әлсін қағады,
Берікпіз деп антымызға байласқан.

Сыры мен жұмбағы мол түн біздерге,
Көз жүгіртіп шаршама түнгі іздерге.
Дегенмен пенде үшін жарығы мол,
Қауышқанға не жетсін, күндіздерде…

Пернебек Бердімбетов,
зейнеткер.
Шақпақата ауылы

Таңдаулы материалдар

Close