Basty bet

Дағдарыс орталығында болды

 

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Алматыдағы «Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығында болды.

Кандидат мұндай орталықтардың жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ осы қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар жұмысының күрделілігіне тоқталды. Мекемеде жыныстық зорлық-зомбылық және еңбекке заңсыз тарту, адам саудасы, ажырасқан әйелдерге көмек көрсетіледі.

– Бізге кез келген уақытта жәбірленушілер туралы өтініштер түссе, қоңырау шалып, адамның бір жерде қамауда жатқанын айта аламыз, бізге шұғыл ақпаратқа қатысты бірден зерделеу жүргізіп, реттейміз. Тәртіп сақшыларымен қосылып, халыққа да көмектесеміз, – дейді қоғам белсендісі.

Ол сондай-ақ жыныстық қанау проблемасын көтерді. «Көбінесе басқа елдердегі қыздарымыз коммерциялық жыныстық-жұмысшы болудан қорғана алмайды. Бірақ оларды алаяқтық жолмен алдап, бақылаудағы жезөкшелер үйіне немесе қонақүйге апарып, төлқұжаттарын алып қойып, еріксіз мәжбүрлейді», – дейді ол.

Таңдаулы материалдар

Close