El іshі

Балаларға қуаныш сыйлады

«Бала бауыр етің» демекші, күз мезгілі келіп, балалардың жазғы демалысы аяқталған шақта әрбір ата-ана қолындағы барын сатып, тапқан табысына балаларын жаңа оқу жылына дайындайтыны анық. Кей отбасында төрт, бес, оданда көп бала бар. Оларды толығымен киіндіріп, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету де оңай жұмыс емес.
Тамыз айынан бастау алып, қыркүйек айының аяғында аяқталатын республикалық «Мектепке жол» акциясы Жуалы жұртшылығының да назарынан тыс қалған емес.
Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында ардақты аға буын өкілдерінің бастамасымен талай бүлдіршіндердің жүзіне қуаныш сыйлап жүрміз. Қазір де ауданымыздың жомарт жүректі азаматтары тұрмыс жағдайлары төмен және көп балалы отбасылардың балаларына мектеп формаларымен, керекті құрал-жабдықтарын алып беруде.
Атап айтқанда биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында жеке кәсіпкерлер Б.Пірматов, Т.Иманалиев, Н.Мәлібекова өз тараптарынан үш оқушыны киіндіріп, мектепке керек құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Ал Ә.Бахаева екі оқушыны кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.
Бүлдіршіндердің жүрегіне үміт оты мен қуаныш сыйлаған акция әлі де жалғасуда. Акцияға жаны жомарт, жүрегі мейірімді жандар алдағы уақытта да атсалысады деген ойдамыз.

Майра ДОСЫБАЕВА,
№1 мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогы

Таңдаулы материалдар

Close