Basty bet

Бидай жеткізетін вагон тапшы

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен жүздесті. Ең әуелі кандидат Мұнайлы ауданында орналасқан «Сауқымбек» ұн тарту зауытының ұжымымен кездесті.

Бірнеше жыл бұрын іске қосылған өндіріс ошағы жоғары сұрыпты ұн өндіріп, 70-ке жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Зауыт алдағы уақытта дайын өнімді экспорттауға ниетті. Алайда кей кезде кәсіпорынға бидай жеткізуде қиындықтар туындайды, вагондар тапшылығы байқалады.

«Қазақстандағы аграрлық сектордың негізгі бір саласы егін шаруашылығы екені белгілі. Еліміздің солтүстік, орта­лық өңірлеріндегі алқаптар тұтастай республиканы астық­пен қамтамасыз етуге, тіпті, дәнді дақылдарды шет ел­дерге экспорттауға мүмкіндік береді. Дегенмен ел ішінде туын­даған осындай проблемалар кәсіпкерлердің жұмы­сына кері әсерін тигізіп отыр. Үкімет, министрліктер, ұлт­­тық компаниялар вагон тапшылығы мәселесін шешуі керек. Отандық фермерлер мен қайта өңдеушілердің мүд­де­лерін қорғау жолында көздеген мақсатымыздан тайын­­бауымыз қажет. Қазақстанда тауарлар қорын құру стра­­тегиясында азық-түлік нарығын дамыту және қауіп­сіз­ді­гін сақтау бәрінен бұрын импортқа тәуелді емес, отан­дық өндіріс есебінен жүзеге асуы керек», деді Жигули Дайрабаев.

Таңдаулы материалдар

Close