Basty betQoǵam

1 шілдеден төлене бастайды

«Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы аз қамтылған және көпбалалы отбасылар тобынна жататын атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі жайында елеулі мемлекеттік бастамалар ұсынды. Олар халықтың әл-ауқатын жақсартуға тиімді ықпал етеді. Біріншіден, күнкөрісі төмен, оның ішінде көп балалы отбасыларды қолдау шараларын қамту мен күшейту қолға алынбақ.

«Нұр Отан» партиясының XVIII съезінен кейін бөлімге 20 әйел қайырылып, «Съезде айтылған көп балалы отбасыларға төленетін 21 мың теңге қашан төленеді?» деген сұрақтарымен келді. Сондықтан аудандық басылым арқылы түсіндіруді жөн санадық.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Егемен Қазақстан» газетінде мәлімдеуіне сүйенсек, 1 шілдеге дейін күнкөріс деңгейі 14 830 теңге болады. Ал, 1 шілдеден бастап 20 789 теңгеге көбейеді. Бұл 18 жасқа дейін төленеді. Егер балалар оқитын болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Бұған қоса, ата-анасының табыстары күнкөріс деңгейінен кем болса, қосымша жәрдемақы төленеді.
Аудан бойынша көп балалы 1443 отбасы бар. Оның ішінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 465.
2018 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен жылдың қорытындысы бойынша 7817 адамы бар 1489 отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды. Оның ішінде көпбалалы аналарға 2697 адамы бар 412 отбасына 123560,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында 2446 адамы бар 401 көп балалы отбасына 30 476,0 мың теңге тағайындалып, 21500,0 төленді.
Балаларға берілетін 21 мың теңгеден бөлек, ата-анасына да қосымша ақы төленеді. Осы уақытқа дейін атаулы көмекті бір адамға шаққанда күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан, яғни 14 849 теңгеден аспайтын отбасылар алса, енді Президент тапсырмасы бойынша аталған көрсеткіш 70 пайызға, яғни 20 789 теңгеге дейін көтеріліп отыр. Демек, көп балалы отбасының жалпы табысын әр адамға бөлгенде ақшаның сомасы күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, яғни 20 789 теңгеге жетпесе, әр балаға 21 теңге жәрдемақы беріледі. Егер отбасының әр мүшесіне шаққанда табыс күнкөріс деңгейінен төмен болса, айырмашылық 10 мың теңге болама, 7 мың теңге болма, ата-анасына қосымша төленеді. Одан кейінгі ең үлкен жеңілдік, бұрын табысты есептегенде «Алтын алқа», «Күміс алқа», көп балаға берілетін жәрдемақы, мүгедектердің жәрдемақысы мен стипендия саналатын. Енді оның бәрі есепке алынбайды.

Жанна Махмудова,
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close