Basty bet

Сот және Билер кеңесінің мүддесі – елді бірлікке шақыру

Жуалы аудандық сотының ғимаратында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркеповтың және облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Жұмабек, Тараз қалалық билер кеңесінің мүшесі Шәкизат Акимовтың қатысуымен аудандық Билер кеңесінің жиыны өтті.
Сонымен қатар жиынға аудандық соттың төрағасы Бабырхан Әбуев, аудандық және Б.Момышұлы ауылдық билер кеңесінің төрағалары Мұратқали Рахметов, Шора Ысқақов қатысты.
Алдымен сөз алған облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлы соңғы жылдары қоғамда орын алған дау-дамайларды, келіспеушіліктерді сотқа дейін жеткізбей шешудің баламалы жолдары қарастырылып отырғанын және сол мақсатта «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалдарының қатысуымен, әр деңгейдегі соттардың тікелей ықпал етуімен жер-жерде билер кеңестері құрылып, жұмыс істей бастағандығын мәлімдеді.
Нәтижесінде республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі мен жоғарғы сот өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді. Орталық кеңес «Дәнекер» пилоттық жобасын жасап, ережесін бекітті. Жобаның мақсаты – медиация заңын басшылыққа алып, дау-жанжалды шешуде қазақ билерінің тәжірибесіне сүйеніп, елді бірлікке, ынтымаққа шақыру, – деді Оңласын Қарабайұлы.
Әрі қарай, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның «Дәнекер» жобасына өз үлесін қосып, дауларды шешудің тәсілдерін түсіндіруде ардагерлерге құқықтық қолдау көрсеткені үшін аудандық соттың төрағасы Бабырхан Әбуевке «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның Алғысхатын табыстап, алғысын жеткізді.
Жиын барысында облысқа қарасты аудандық Билер кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары туралы бейнеролик көрсетілді.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close