Basty bet

(Еңбек) тоқсандық есепті дұрыс өткізу туралы түсініктемелер берілді

Жиынды Жуалы ауданы Статистика басқармасының бас маманы М.Жарлықасын ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша келген ауданның балабақша есепшілеріне семинар-жиынды ашып, сөз кезегін алды.
М.Жарлықасын семинарға жиналған балабақша есепшілеріне 1-Е (тоқсандық) есептерді қатесіз және дұрыс толтырылуы туралы түсініктемелер беріп, әр тоқсандағы есептерді алдынғы тоқсанмен салыстырып барып толтыру керектігін ескертте айтты. Жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың есептілік нысандары болып табылатындығын айтып, осы аталған есептілікке зер салуларын өтініп өз сөзін аяқтады.
Келесі сөз кезегін балабақша есепшілері алып, жоғары айтылған ұсыныстардың жиналған көпшілікке өте маңызды екендігін атап өтті.
Басқа да өрбіген сұрақтарға М.Жарлықасын нақты жауап берді.

Аудандық статистика басқармасы

Таңдаулы материалдар

Close