Basty bet

Ауылдан жеткен ақпарат

Ақтөбе

Ауылдық округке қарасты Бәйтерек, Жаңаталап, Ақтоған ауылдарына ауызсу құбырларын тарту жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы басталған жұмыс 2023 жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарлануда.
* * *
Жаңаталап ауылының тұрғыны, көпбалалы ана және мүгедек бала асыраушы Назгүл Жұмағұлованың отбасына «Асарлатып үй салу» жобасымен үй салынды. Ауылдың іскер азаматы Мәжит Сабденалиевтың демеушілігімен ағымдағы жылы көктемде құрылысы басталған баспана қазіргі таңда толығымен аяқталды.

Қарасаз

Ауылдық округтің спорт ісі жөніндегі нұсқаушысы Нұрбол Тілеубердінің ұйымдастыруымен «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында шахматтан және тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары арасында ауылдық жарыс өтті.
Шахмат жарысының нәтижесі бойынша, Медет Нұрмұрат, Сымбат Нұрмұрат және Дарын Майлыбай I, II, III орындарды иеленді.

Шақпақ

Ауылдық округке қарасты Т.Дүйсебайұлы ауылында спорт алаңшасының 0,7200 гектар жерін қоршау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмысты мердігер “ALI CONTRACT” ЖШС 2567,0 мың теңгеге атқарып, қоршау жұмыстары қазан айында аяқталды.
Сонымен қатар, ауылдық округтегі көше жарығының диодты шамдары жаңа диодты шамдарға ауыстырылуда.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close