Basty bet

«Әр қазаққа – бір кітап!» акциясы

«Отандастар қоры» КЕ АҚ және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы бірлесіп, алыс-жақын шетелде тұратын қазақтарға «ӘР ҚАЗАҚҚА – БІР КІТАП!» жобасы аясында кітап тарату акциясын бастады.

Акцияның мақсаты:
Шетелде тұратын этникалық қазақтарға халқымыздың көркем әдебиетінен, тарихы және рухани мәдениетінен сыр шертетін кітаптарды жеткізу.
Ұйымдастыру жұмыстары:
– Акция постерін және хабарламасын әзірлеу;
– Акцияның басталғандығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, Қоғамның және Ұлттық академиялық кітапхананың әлеуметтік желілерінің парақшаларында жариялау;
– Астана қаласында және Қазақстанның басқа да өңірлерінде акцияға қатысушы азаматтардан және қоғамдық ұйымдардан кітап жинауды ұйымдастыру (кітапхана базасында);
– Акция мерзімі аяқталғаннан кейін жиналған кітаптарды шетелдегі қандастарға жеткізуді ұйымдастыру.
Кітаптарға қойылатын талаптар:
– Қазақ тілінде болуы;
– Көркем әдеби, тарихи және мәдени кітаптар;
– Сыртқы пішіні ескірмеген.

«Отандастар қоры» КЕ АҚ

Таңдаулы материалдар

Close