Basty bet

Жаңа Қазақстанды құруға жаңа серпіліс керек

Биылғы сайлаудың айырмашылығы, Мәжіліске депутаттар бірмандатты округтер арқылы сайланады. Мемлекет басшысының мәжіліс пен мәслихаттарды мерзімінен бұрын таратуының да негізгі себебі – әділетті Қазақстанды құру болып отыр. Ал ол үшін жаңа тұлғалар керек. Білімді, ойлы, мемлекетшіл жастар келеді деп үміттенеміз. Халық соны күтіп отыр.
Қазіргі кезде, жастардың ойлау қабілеті биік, жан-жақты білімді деп айтуға толық негіз бар. Сондықтан мен ылғи да жастарды қолдаймын!
Ал, осы жастарға ақыл-кеңесін үнемі айтып отыратын дуалы ауызды, орақ тілді, мәдениетті қарияларымыз көп болса деймін!
Одан бөлек, депутаттыққа шын мәнінде халықтың жанайқайын түсінетін,елге шын жаны ашитын, қоғамға жаңа көзқараспен қарайтын азаматтар келуі тиіс. Сонда ғана, жаңашылдыққа бет бұра аламыз.
Әділетті Қазақстанды құру үшін халық қалаулыларын жасақтауда халықтың үлесі басым болуы тиіс деп ойлаймын.
Ел арасында «Баяғы жартас, сол жартас, бұрынғы депутаттар болады» деген қаңқу сөздер жүр. Алайда бұл қате пікір. Ескі көзқарастан арылып, жаңа заманға сеніммен қадам басуымыз керек.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал саясатын қолдаймыз!

Айгүл ОМАРОВА,
Қарасаз ауылдық «Аналар алқасының» төрайымы

Таңдаулы материалдар

Close